ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМДІ ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
42

Алқалы жиынға кеңес мүшелері қатысып, күн тәртібінде Медиация кеңесінің құрамын бекіту, 2-ші жартыжылдық жұмыс жоспарын талқылау және ағымдағы мәселелер қаралды.
Жиынды Медиация кеңесінің төрайымы Л.Ақшегірова жүргізді.
Қазіргі кезде әлем мемлекеттерінде медиация институты арқылы көптеген даулы мәселелерді бітімге келтіріп, оң шешім тауып жатыр және бұл тәжірибе елімізде де қолданылуда.
Бітімгерлік рәсімдерді қолдану шаралары кеңейтіліп, медиация институты жетілдіріліп, партисипативтік рәсім жаңашылдыққа айналып, сот ісін жүргізу жеңілдеді.
Одан бөлек медиация жүйесін дамыту елімізде Қазақстан Халқы Ассамблеясына да жүктеліп отыр. Бүгінгі күні аталмыш орган медиацияны дамыту үшін көптеген ЖОО-мен, құқықтық үйымдармен меморандум жасасып қол қойылуда. Осылайша медиацияның тынысы ашылып келеді.
Ежелгі заманда қалыптасқан заңдар бойынша татуласуды өз талаптарына сай ыңғайластырған болса, бүгінгі таңда өркениет пен адам санасының дамуы арқасында татуластыру рәсімінің ауқымы кеңи түсті. Қазіргі уақытта татуластыру рәсімі қылмыстық және азаматтық істер бойынша белсенді түрде кеңінен қолданылуда. Дауларды соттан тыс шешудің кеңінен қолданылуы (мысалы сөйлесу, делдалдық), онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша жәбірленушімен татуласу бітімгергішілікке келудің тиімді жолы екендігінің айқын көрінісі. Олай болса бұл басқосудың ұлт аралық қарым-қатынасты нығайтуда берері мол деп есептейміз.
Жиын қорытындысында Медиация кеңесінің құрамы бекітілді, сондай-ақ, алдағы уақытта қала аумағында тұратын түрлі этностар мен тұрғындар арасындағы татулық пен тұрақтылықты, достық пен бірлікті сақтау, қақтығысты болдырмау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған