ЕЛОРДА КҮНІНЕ ОРАЙ ШЫМКЕНТТЕ МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТКЕН 3 КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

0
41

Биыл Шымкентте 10 кітапханаға модернизация жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Алғашқы кезеңде 6 кітапхананы, ІІ кезеңінде 4 кітапхананы тапсыру көзделген.

Бұған дейін І кезеңге жоспарланған 3 кітапхана ашылған болса, бүгін елорда күніне орай қалған 3 кітапхананың жөндеу жұмыстары бітіп, ел игіліне берілді.

Кітапханалар заманауи үлгіде жаңғырып, ішінен Book Cafe, Coworking Center, шахмат клубы, Relax room бөлімдері ашылды.

Айта кетерлігі, балалар кітапханасы мен Абай кітапханасының екі филиалының жаңғыруы қала тұрғындарына қуаныш сыйлап, білімді ұрпақты тәрбиелеуде бір қадам алға басты деуге болады. ІІ кезеңге жоспарланған 4 кітапхананың модернизация жұмыстары күз айларында жүргізілмек.

Еске сала кетсек, Шымкентте мәдениет саласында кітапхана желісін жаңғыртуға көп көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда 6 кітапхана модернизациядан өтті. Оның ішінде орталық әл-Фараби кітапханасы бар. Жыл соңына дейін тағы 4 кітапхананы жаңғырту жоспарда тұр. Кітапханалар «отбасылық кітапхана» концепциясымен дамып жатыр.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған