ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

0
50
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсында жеңімпаз атанған отбасыларға Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары табысталды деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік Тұңғыш Президент– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылдан бері өткізіліп келетін бұл байқауға аталған ауданнан 20 отбасы өтініш білдірген болатын. Нәтижесінде құжаттарын арнайы құрылған комиссия қарап, 4 отбасыны лайықты деп танылды.
Өзгеге үлгі болып жүрген, талапқа сай және бұл акцияның жеңімпазы атанған отбасылар қатарында Бимурзаевтар, Шерметовтер, Садыковтар және Түктыбаевтар отбасы бар.
Еске салсақ, жалпы аталған ұлттық конкурсқа қатысу үшін қала бойынша 110 отбасыдан өтініш келіп түскен болатын. Анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша төрт ауданнан 16 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алып, қалалық байқаудың қорытындысы бойынша Алиевтер отбасы жеңімпаз деп танылған еді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған