Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 439 «Алтын алқа» және 1300 «Күміс алқа» иегері бар. Алтын құрсақты аналардың қатары тағы да толықты. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мамытұлы ауданның көп балалы аналарымен кездесіп, 3 ананы « Алтын алқа», 12 ананы «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттадыдеп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік жиында «Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Әр адамның арманы- баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін. Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ұзақ өмір сүріп, ақ жаулықты әже атаныңыздар»,-деді Рашид Мамытұлы құттықтау сөзінде.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданында 18 анаға «Алтын алқа» және 72 анаға «Күміс алқа» табысталды.
Сондай-ақ, «Алтын алқа» 7 бала тәрбиелеп отқан аналарға ал «Күміс алқа» 6 перзенті бар аналарға табысталады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған