ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 2 ЕЛДІМЕКЕНГЕ АУЫЗ СУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
37

Әл-Фараби ауданының шалғай елдімекендері саналатын Ақтас-2 және 276 орамда ауыз  су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жасалып жатқан жұмыстардың барысын бақылаған аудан әкімі Рашид Мыңбаев мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауын сұрады.

Жоспарға сейкес Ақтас-2 шағын ауданындағы ауыз су құрылысы 2021 жылдың қарашасында аяқталуы тиіс. Ал осы жылдың маусым айында басталған 276-шы орамдағы ауыз су құрылысы келесі жылға өтпелі.

Аталған жұмыстар аяқталса 276 орамда  260 үй, ал Ақтас-2 шағын ауданында  45 үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ.

Бүгінде ауданның шалғай елді мекендері саналатын Ақтас, 195 және 276 орамдарда инфрақұрылым мәселесі ретімен шешімін тауып келеді. Мәселен, 195 орам және Ақтас-2 шағынауданында жалпы 5,2 шақырым жолға шағал тас төсеу қарқынды жүргізілуде. Бүгінде 195 орамда 5 көше, Ақтас-2 шағын ауданында 4 көше жөнделуде. Сондай-ақ, 195 орамда газ құбырларын тарту жұмыстары қатар атқарылуда.

Аудан әкімінің айтуынша, ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданындағы 7 көшеге жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жоспарға сәйкес «Сәуле» шағынаудандағы 2 көшеде және орталық аумақтағы 3 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған