ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

0
44

Қала әкімі М.Әйтеновтің шалғай елді мекендерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бүгін аудан әкімі Рашид Мыңбаев  Ақтас-2 және 195 орамға барды.  Аталмыш   орамға шағал тас төсеу, газ құбырларын жүргізу жұмыстарын тексерді.

Қазір таңда  аумақта жалпы 5,2 шақырым жолға шағал тас төсеу  қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде 195 орамда 5 көше, Ақтас-2 шағын ауданында 4 көше жөнделуде.

Айта кету керек,  195 орамда 200-ге жуық үй бар. Мұнда ауыз су және жарықтандыру мәселелері толық шешімін тапқан.  Газ мәселесі бойынша абоненттеу жұмыстары басталды.

Бүгінде 195 орамда газ құбырларын тарту жұмыстары қатар атқарылуда. Ал ауыз су және жарықтандыру мәселелері толық шешімін тапқан.

Аудан әкімінің айтуынша, ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданындағы 7 көшеге жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жоспарға сәйкес «Сәуле» шағынаудандағы 2 көшеде және орталық аумақтағы 3 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, «Түркістан» көшесінен А-2 жолына дейін, Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары және Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшелеріндегі қиылысқа айналма жол салу жұмыстары қолға алынған.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған