«ШЫМКЕНТ–ЦИРК» 10 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖОБАСЫН ҰСЫНАДЫ

0
43

Цирк өнері — ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру,  қуақы, әзіл-әжуа сөздермен көпшілік көңілін көтерумен танылса, заман ілгері дамып, әлем жаһанданып цирк өнері аса білімділік пен ептілікті талап етеді. Осындай ептілер мен мықтыларды бауырына басып, қаламыздың мақтанышына айналған Шымкент-Циркіне 10 жыл!

2011 жылғы 17 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып саналатын Шымкент қаласында типтік жобада салынған 1200 орынды «Оңтүстік — Цирк» МКҚК ашылып ел игілігіне берілген болатын. 2018 жылдың 19 маусымда шымкент қаласының құрамына өтті.

Цирк өнерін насихаттау, алыс-жақын жерлерде халыққа көңіл-күй сыйлау мақсатында  800 орынды жылжымалы  Шапито циркі жұмыс жасауда.

Шымкент-Циркі 10 жылдың ішінде біршама жетістіктерге жетті. Мәселен, 2012 жылы «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестиваліне қатысып, «Файер шоу» бойынша ІІІ-орынды иемденген болатын. 2015 жылы «Шабыт» ХVIIІ халықаралық шығармашыл жастар фестивалінен «Мачта» І- орынды алды, 2016 жылы «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестивалінен «Канат» ІІ- орынды, 2016 жылы Ш.Қалдаяқов атындағы VII «Менің Қазақстаным»  ән байқауының І-орын жүлдегері — Д.Хашимханова, 2016 жылы Қытай Халық Республикасы Хэнань провинциясының Лоян қаласында өткен ІІІ акробатикалық фестивалінде О.Касаткиннің жетекшілігіндегі әуе акробаттары І-орынды иемденген. Осы сынды түрлі байқаулар мен жарыстарда цирк өнерпаздары өнер көрсетіп Шымкент қаласының мерейін көтеріп келді.

Елде жағдай эпидахуал тұрақталса Шымкент –Циркі 10 жылдыққа арналған жаңа жобасын ұсынатын болады. Бүгінгі таңда аңдарсыз 15 қойылымның бағдарламасын әзірлеу үстінде. Сондай-ақ, желтоқсан айында «Тәуелсіздікке — 30 жыл» және «Шымкент-Циркіне- 10 жыл» мерекесіне орай Ресей, Қызғызстан, Тәжікстан, Моңғолстан, Өзбекстан, Қытай, Украина, Белоруссия, Алматы, Астана секілді 10 елден цирк нөмірлері шақырылып, фестиваль форматында 10 қойылым өтілу жоспарлануда.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған