ҚАЛАДА 19 СТАЦИОНАР КОВИДПЕН КҮРЕСІП ЖАТЫР

0
39

Шымкентте эпидахуал аса алаңдатарлық деңгейде. Өткен тәулікте қалалық Жедел жәрдем станциясына 2800 қоңырау түскен. Күні кеше 400 ден астам науқас ауруханаға түсті. Осындай індет өршіп тұрған қиын кезеңде де қала тұрғындарының той, жиынға баруы тыйылмай тұр.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қазіргі таңда күрделі болып тұрған эпидахуал мен  ковид орталықтарындағы жағдайларға тоқталды. Жыл  басынан бері  бүгінгі күнге дейін – 16  789 жағдай тіркелді. Оның  11 926 симптоммен, ал 4 863 симптомсыз. Аурудың алдын-алу мақсатында тұрғындарға  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, екпе алудың маңызды екендігі айтылуда.

Айта кетейік, қазіргі таңда 5752 адам емделуде, оның ішінде 2255 стационарда, 3497 үйлерінде карантин режимінде. Соңғы 14 күнде «COVID-19» жұқтырған науқастармен қатынаста болған 9950 азамат амбулаторлық бақылауға алынды. Жалпы қалада 19 стационар ковидпен күресіп жатыр.

Қазіргі таңда Шымкентте індетке қарсы екпе егу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Әрбір қала тұрғыны жауапкершілікті сезініп, өзінің және өзгенің денсаулығына алаңдап вакцина салдыртып жатыр. Қалада 360 мыңнан астам адам 1 компенент алса, 2 компонент бойныша 256 мың 760 адамға вакицнацилау жасалды.  Бүгінде қалада дәрі-дәрімек қоры мен вакцина жеткілікті. Тұрғындарды вакцинациялауды ұйымдастыру үшін 43 егу бекеттері бар. Одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекеттері бар.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған