ҚАЛА АУМАҒЫНДА САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

0
40

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 418 жағдай (338 симптоммен, 80 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 194 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 224 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7453 адам вакцина алды
(I компонент-2445, II компонент-5008). Егу науқаны басталғалы барлығы 347 612 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 224 333 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі таңда 39 мемлекеттік және жекеменшік емханада 205 мобильді бригада жұмыс істеуде. Аталған бригада қызметкерлері  Covid-19, пневмонияға шалдыққан, жіті респираторлық аурудың белгілері бар  пациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсетіп, ковидке  күдікті пациенттерден жедел және ПТР-тестілеу алады.

Қала аумағында санитарлық-эпидемилогиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда.

2021 жылғы 21 шілде күні 658 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды
(658 кәсіпкерлік нысан).

Айта кетейік, бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған