ШЫМКЕНТТЕГІ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ САЛАСЫ ЕЛІМІЗДЕ КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА

0
37

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханада 171-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Отаны аурухананың бас дәрігері-трансплантологі Абылай Донбай жасады.
Ширатып жеткізсек, Досымовтар отбасында 1992 жылғы інісі өзінің туған ағасына донор болған. Науқас бір жылдан бері гемадиализ алып келген, яғни, жасанды құрылғымен жүрген.

Білікті трансплантолог Абылай Абдужаппарұлының 3 сағат жасаған отасы сәтті аяқталып, бүгінде ағалы-інілі екеуінің де жағдайы жақсы. Осы орайда бас дәрігер: «Шымкент қаласында мыңға жуық науқас бүйрек жетіспеушілігімен ауырады. Олардың барлығы жасанды бүйрек құрылғысына тәуелді. Біздің мақсатымыз – осы науқастардың санын азайтып, толыққанды өмір сүруіне ықпал жасау», – деді.

Айта кетейік, А.Донбай осы жылы бұған дейін екі рет ауыр ота істеді. Ол – туыстық бауыр трансплантациясы. Аталған екі ота да сәтті өтті. Нәтижесінде, Шымкент қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасы адам органдарын ауыстырудың хирургиялық тәжірибесі тұрғысынан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан кейінгі үшінші орында тұр. Бұл ретте олар алдағы уақытта аталған клиникалық аурухананы республикадағы трансплантологиялық орталыққа айналдыруды көздеп отыр.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған