ШЫМКЕНТ: БІР ТӘУЛІКТЕ 8 247 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

0
57

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 8 247 адам коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады.

Атап айтсақ, екпенің бірінші компонентін 2 348 адам, ал екінші компонентін 5 899 адам салдырды. Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы қалада 352 278 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 235 190 адам вакцинаның екі компонентін де алды.

Статистикаға сүйенсек, үшінші мегаполисте өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 507 жағдайы (белгілері бар – 413, белгілері жоқ – 94) тіркелген. Оның ішінде 228 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 279 адам үй бақылауына алынды. Ал қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 746 орын бар, төсек орын толымдығы 61 пайызды құрайды. Яғни, 1 050 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1 696 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 395 төсек орын бар, 226 науқас ем қабылдауда. Оған қоса, осы күнге дейін жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 331 668, тәулігіне – 2 890.

Айта кетейік, қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар 23 шілде күні 787 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 19 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған