ҚАРАБАСТАУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ САЛЫНУДА

0
41

Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Қарабастау тұрғын алабында спорт алаңшасы салынуда. Бұл спорт нысаны «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік қоры арқылы демеушілік есебінен құрылуда.

Бүгін аудан әкімі Досбол Есілбек Бойыт ата көшесінің бойында салынып жатқан ашық спорт алаңшасының құрылысымен танысты. Осы орайда Досбол Күздікбайұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып, жоспарларымен таныстырды.

Айта кетейік, аталған ауданда 630 көп қабатты тұрғын үй бар. Ол көп қабатты үй аулаларының 89 пайызы жаңартылған. Былтыр 64 үйдің есік алды абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылған. Бұл ретте бұқаралық спортты дамыту мақсатында 100 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланып, өткен жылға дейін 79 ашық спорт алаңшалары салынған. Ал былтыр 6 ашық спорт алаңшасы орнатылса, биыл тозығы жетіп, ескірген 15 спорт алаңшасын қайта құру көзделген.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған