ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БОЙЫНША ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
41

Шаһар әкімінің қала аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласысы Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов бүгін аудан аумағындағы кезекті тазалық акциясын өткізді деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шара Қаратау ауданы әкімі аппараты және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағымен бірге ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – тазалық жұмыстарын насихаттау, халық арасында қоқықс тастамау мәдениетін қалыптастыру.
Кезекті тазалық акциясы барысында «Нұрсәт» тұрғын алабындағы үйлер аулалары мен аллея қоқыстан толығымен тазартылды. Іс-шараға 40 ерікті (волонтер) жастар мен аудан әкімі аппараты қызметкерлері, мердігер мекемелер қатысты.
Айта кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу, жастарды еңбекке баулу, жұмысқа деген ынтасын ояту және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында құрылған жоба.
Тазалық акциясы арқылы экологиялық жағдайды жақсарту – біздің басты мақсат.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған