ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

0
45
2021 жылдың 23 қарашасынан бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 321 шақырымы ақылы жүйеге енгізілген болатын. Ақылы жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Тараз» бағыттары бойынша — «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і, «Шымкент-Қызылорда» бағыты бойынша — «South Road» ЖШС-і жүргізуде. Қалған 402,1 шақырым автожол — «Қазақавтожол» ЖШС тиесілі.
Қысқы маусымда қауіпті саналатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 4 жылыту бекеті орналасқан. Олар: Бәйдібек ауданындағы «Қошқарата-Жарықбас-Бірлік» автомобиль жолы бойындағы «Шыбықбел» және «Ұланбел-Созақ-Шаян-Екпінді» автомобиль жолындағы «Одаманбұлақ» жылыту бекеттері. Сондай-ақ, Созақ ауданындағы «Жамбыл облысы шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Кентау» автомобиль жолының 63-шақырымындағы «Ащысай» және «Ұланбел-Созақ-Шаян-Екпінді» автомобиль жолы бойындағы «Таскөмірсай» жылыту бекеттері. Аталған бекеттердің әрқайсысы бір мезгілде 30 адамды қабылдай алады. Сондай-ақ азық-түлікпен және жылыту үшін 68 тонна көмір отынымен қамтамасыз етілген.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған