infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Абай ауданының әкімі 6 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады

28 июня, 2021
in Қоғам
0
Абай ауданының әкімі 6 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады
0
SHARES
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов қала әкімдігінің «Instagram» желісіндегі ресми парақшасында өткен тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді. Аудан әкімі алдымен өңірлердің даму стратегиясы бойынша 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Бұқарбай Рысқұлұлының айтуынша, ауданда 34 елдімекеннің 24-і сапалы ауыз сумен қамтылып, бұл көрсеткіш 71 %-ды құрап отыр. Бүгінде Жаңаталап, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ және Қызылжар тұрғын алабында құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Көмешбұлақ су көзінен Қ.Төлеметов көшесіне дейінгі магистралдық су құбырының құрылыс жұмыстары аяқталған соң аталған елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Қалған 5 елді мекен тасымалды ауыз суын пайдаланады.
Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 26-ы (80%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 8 елді мекен (20%) жекеменшік трансформаторларды пайдаланады.
2021 жылы 8 елді мекенді электр жарығымен қамту үшін биылға қаржы бөлінген. Нұршуақ, Жаңаталап, Ынтымақ-2, Ынтымақ-2 шағынауданының Батыс бөлігі, Айкөл, Ақжар тұрғын алабында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан аумағы бойынша 23 елді мекен (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 11 елді мекен қатты отынды пайдалануда. Бүгінде Алтынтөбе, Ынтымақ-2 шағынауданының Батыс бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2 елді мекенге (Ынтымақ-2, Нұршуақ,) табиғи газ жүйесін тарту мақсатында жоба дайындау үшін қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірленуде.
Сондай-ақ, 2021 жылы аудан аумағында 36,9 шақырым 38 көшеге асфальт салу жұмыстарына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары атқарылуда. Сонымен бірге, елді мекендердегі жалпы ұзындығы 44,5 шақырым топырақ жолдарға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Халықпен кері байланыс орнату, жұмыстарды жүйелі атқару — басты талап дей келе, аудан әкімі тікелей эфир барысында тұрғындардың инфақұрылым, әлеуметтік сала бойынша қойған сауалдарына да жауап берді.
Алдыңғы пост

Шымкентте дәрігерлер ауыр халдегі жүкті әйел мен сәбиін аман алып қалды

Келесі жаңалық

«Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі