infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Спорт

Оқ атудан олимпиадалық 3 лицензия – шымкенттің үлесінде

June 9, 2021
in Спорт
0
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Олимпиада ойындары – бұл үлкен спорттық жарыс. Кез келген спортшы осы жарысқа қатысып, жүлделі орынға ие болуды армандайды. 4 жылда бір келетін жарысқа қатысу спортшы үшін үлкен жауапкершілік пен еңбекті қажет етеді. Ұйқысыз түндер мен эмоциялық күйзелістер соңы жеңіс алып келеді.
⠀
Қазақстандық мергендер 26 шілде мен 6 тамыз аралығында Токио қаласында (Жапония) өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 3 олимпиадалық квотаны жеңіп алды. Үш квота да Шымкенттің үлесіне тиді.
⠀
Бірінші олимпиада лицензиясын стенд атудан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сәрсенкүл Рысбекова жеңіп алды. Ол 2019 жылы XIV Азия чемпионатында (Катар) командалық есепте алтын медальді иеленді, жеке есепте 2-орынға қол жеткізді.
⠀
Екінші олимпиадалық лицензияны оқ атудан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Юрий Юрков алды. Лицензиялық XIV Азия чемпионатында (Катар) финалға түсіп, финалда Юрий 6-орынға ие болған. Қорытынысында лицензиясы жоқ спортшыларды айналып өтіп, олимпиадалық лицензияға қол жеткізді.
⠀
Үшінші олимпиадалық лицензия Зоя Кравченкоға тиесілі. Спортшы стенд ату бойынша ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылады. Зоя олимпиадалық лицензияны рейтингтік есепте жеңіп алды. Бір жыл ішінде спортшы ең жоғары нәтиже көрсеткен. Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) шешімімен Зоя Кравченкоға Олимпиада ойындарына қатысуға квота бөлінді.
⠀
Жалпы Шымкент қаласының қоржынында 6 олимпиадалық лицензия бар, оның 3-еуі мергендер үлесінде болып отыр.

Алдыңғы пост

Жарнама мәтіндерінде заң талаптары сақталуы керек

Келесі жаңалық

Шымкент: Еңбекші ауданында сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,5%-ға жетті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі