infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

«Басты мақсат – білім сапасын арттыру»

7 ноября, 2022
in Әлеумет
0
«Басты мақсат – білім сапасын арттыру»
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2022-2023 оқу жылында Түркістан облысындағы орта білім беру ұйымдары «BilimLand.kz» цифрлық білім беру платформасына қосылуы мүмкін. Білім сапасын арттыруға бағытталған жүйеге оқушылар мен мұғалімдер тегін қосылмақ. Цифрлық білім беру платформасы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға таныстырылды. 
«Жаңа жүйе енгізілген жағдайда «Bilim Land» жұмысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Ол арқылы 37 пән бойынша 25 мыңға жуық сабақ, 3 мыңнан аса интерактивті сабақ, мыңнан аса ғылыми фильм және 70 мыңнан аса ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмасынан тұратын білім беру ресурстарын оқу процесінде қолдануға болады. Платформада мектеп пен мұғалімдердің рейтингі шығарылады. Бұл жүйе баланың зейіні мен бейімін шыңдап, ұстаздардың біліктілігін арттыратын қосымша құралға айналады» дейді «Bilim Land» ЖШС-нің басшылығы. Облыс әкіміне білім мекемелеріне енгізілетін бухгалтерия бағдарламасы да таныстырылды. Пилоттық жоба Астана қаласы мен Павлодар облысында енгізілген. Жаңа жүйені енгізудегі мақсат – көпшілік үшін білім саласындағы қаржыландырудың ашықтығын және тиімділігін бақылауды қамтамасыз ету. Бухгалтерияны, кадрларды есепке алу мен бюджетті жоспарлауды автоматтандыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және қаржыны тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Білім сапасын көтерудің аса маңыздылығын айтқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа жобаларды толық зерттеп, зерделеуді тапсырды. Өңірдегі интернетке қолжетімділікті күшейтудің қажеттілігін айтты. – Білім сапасын көтеру – ең үлкен мақсатымыз. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтеміз. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіруде мұғалімнің рөлі зор. Біліктілікті арттыру арқылы білім сапасын көтеруге болады. Біздің облыста бала саны да, мектеп саны да көп. Сіздердің мақсаттарыңыз түсінікті. Бірақ, бұл жобаларды егжей-тегжейлі зерттеу керек. Нақты шешімді содан кейін ғана қабылдауға болады, – деді Дархан Сатыбалды.Түркістан облысында 900-ден астам мектеп бар, онда 500 мыңнан астам бала білім алады.

Алдыңғы пост

КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ӨЗБЕКСТАНҒА КЕТТІ

Келесі жаңалық

ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі