infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Баға тұрақтылығы назарда

17 декабря, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс отырысы болып өтті. Аталған жиында күн тәртібінде тұрған мәселелер тыңдалды.

Толығырақ айтсақ, бөлім басшылары атқарылған жұмыстар бойынша баяндамалар жасап, шаһардағы өзекті мәселелерді оңынан шешу жолдарын жеткізді. Осыған орай, берілген тапсырмалардың орындалуы қадағаланып, бөлім басшылары жұмыстар нәтижесімен бөлісті. Сондай-ақ, қаламызда алдағы уақытта қолға алынатын жоспарлар жөнінде кеңінен талқыланды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мен Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшылары тапсырмалар төңірегінде жасалған жұмыстарға тоқталды. «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің» басшысы Талғат Алпысбайұлының мәлімдеуінше, қазіргі таңда қалада жалпы 12 әлеуметтік дүкен, 30 әлеуметтік бұрыш бар. Шаһардағы кәсіпкерлік нысандарда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын 15 пайыздық үстемеден асырмай сату бойынша күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 15 пайыздан асырып сатылған жағдай анықталған дүкендерге хаттама түзіліп, екінші рет қайталаған жағдайда айыппұл төленетіні ескертілуде.

Бөлім басшысы одан бөлек облыс орталығына тартылған инвестиция көлемі бойынша мәліметтермен бөлісті.

Айтуынша, биылғы жылы шаһарға 298, 2 млрд инвестиция тарту жоспарланған. Оның бүгінде 130,1 млрд теңгесі жүзеге асырылған. Бұл өткен жылдың жеті айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 111,6 млрд-тан (2021 жылдың 7 айдағы көрсеткіші) 130,1- ге көбейген.

Қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен жыл басынан бері 60 жәрмеңке өткен. Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер нарықтағы бағадан 20% төмен бағамен сатылған.

Шекер бағасын тұрақтандыру мақсатында тікелей зауыт бағасымен 229 тонна шекер жеткізіліп, 56 сауда орынына таратылды. Қазірде шекер 10% үстемақымен сатылымға қойылған.

Сонымен бірге нан бағасын тұрақтандыру үшін, «Яссы құрылыс» «INSAF LTD», «Абдрахманов Ө», «Абдрахманова У» , «Уримбаева С» жеке кәсіпкерлік нысандарымен келісім шарт жасалды. Нәтижесінде аталған нысандарға қарасты наубайханаларда нан 85-90 теңгеден сатылуда.

Аппараттық мәжіліс отырысының соңында қала басшысы Н.Тұрашбеков баға тұрақтылығын сақтау, халыққа қолайлы жағдай тудыру үшін берілген тапсырмаларды орындауға ден қоюды тапсырды. Сонымен қатар, белсенді әрі дер кезінде атқарылған жұмыстар арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізілетінін атап өтті.

«Түркістан-ақпарат».

Алдыңғы пост

Түркістанда аяқжолға арналған тас төсеуіштер өндіру дамып келеді

Келесі жаңалық

КИЕЛІ ШАҺАРДА ҚОҢЫРЖАЙ АУА РАЙЫ ҚАЛЫПТАСАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі