infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

«БИЗНЕС БАСТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БІЛІМ АЛҒАН ЖАС КӘСІПКЕРДІҢ ІСІ АЛҒА БАСУДА

July 22, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
«БИЗНЕС БАСТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БІЛІМ АЛҒАН ЖАС КӘСІПКЕРДІҢ ІСІ АЛҒА БАСУДА
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында халықтың үкіметке қол жайып, жәрдемақы сұрап отырғанынан жеке кәсібін ашып, ең болмаса өзін өзі қамтамасыз етерліктей табыс табуы оған да үкіметке де тиімді екенін айтып, жергілікті жерде мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмыс істеймін, жеке кәсібімді ашамын дегендерді қолдауды тапсырған болатын.

Шымкент қаласының әкімдігі осы тапсырмаға орай елеулі жұмыс атқарып мыңдаған адамның, оның ішінде жастардың да жұмыспен қамтылуын, өз кәсібін ашуын қамтамасыз етуде.

Шымкенттік жас Есполов Азамат негізгі мамандығы электромеханиктікпен жұмыс істемеген. Ол мына заманда өз кәсібін ашып, жүрегі қалайтын іспен айналысуды мақсат еткендіктен мемлекеттің кәсіпкерлікті бастауға үйретіп, қолдау жасайтын «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша білім алған. Бизнес мектепті аяқтаған соң жаңа кәсіппен айналысуға шешім қабылдапты. Өз кәсібін бастамас бұрын көп ізденіп, мейлінше адамдарға пайда әкелетін іспен айналысуды ойлаған. Осылайша біраз уақыт ізденіп жүріп, масахана сату ісін қолға алған. «Алғашқы кезде 40 масаханаға тапсырыс бердім барлығы 1 апта ішінде сатылып кетті. Басында өзім де таң қалдым. Осыдан соң бұл бизнесте ақша бар екенін түсіндім. Бастысы бұл заттың адамдарға керек екені және пайдалы болғаны қуантты», дейді ол.

Қазіргі таңда Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент қаласында сауда нүктелері бар. Басқа қалаларға қарағанда Шымкент пен Атырау қаласында сұраныс жоғары екен. Жас кәсіпкердің сөзінше қазіргі кезде масахана сатумен айналысатындар көбейген.

Сонымен қатар, масаханалар жалға да беріледі. Тауға немесе саябаққа баратын кезде 1 күнге жалға алу бағасы — 2 мың теңге. Жалпы масахананың сатылу бағасы 8-10 мың теңге арасында.

Мегаполисте жыл басынан бері жүздеген жас осылайша кәсіпкерліктің әліппесін үйреніп, қайтарымсыз қаржымен жеке кәсіптерін ашуда. Яғни қалада жастар саясатын жүзеге асыруға мән берілуде.

Алдыңғы пост

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ АЙМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТТЕ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ҒИМАРАТТАР ҰЛЫ КҮЙШІЛЕРДІҢ ПОРТРЕТТЕРІМЕН БЕЗЕНДІРІЛДІ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі