infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Экономика

Биыл нарықтағы жүзім бағасы қанша?

October 18, 2022
in Экономика, Әлеумет
0
Биыл нарықтағы жүзім бағасы қанша?
0
SHARES
67
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісайлық диқандардың жүзімі елімізде жоғары сұранысқа ие. Биыл аудан шаруалары 448 гектар жерге жүзім егіп, одан бес мың тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр. Диқандар дайын өнімді қайда өткізіп жатыр? Биыл нарықтағы жүзім бағасы қанша? Жалпы өңірде жүзім теру науқаны қалай жүріп жатыр?

Жетісай мақтаның ғана емес, жеміс-жидек пен жүзімнің де отаны саналады. Абай ауылындағы мына шаруашылық 5 жылдан бері жүзім өсірумен айналысады. Қазір мұндағы 7 гектар жерде жүзімнің жергілікті екі сұрпы жайқалып, жеміс беріп тұр.  Жандос Жұмабек, тілші: – Мұнда әбден пісіп, кесуге дайын болған жүзімді күн ысымай тұрып, таңғы салқынмн жинап алады. Себебі күн ысыған кезде жұлса, жүзім босап, ұзаққа шыдамай қалады. Сондықтан жұмысшылар таңғы салқынмен алқап басына жиналып, піскен жемісті күн ысығанға дейін жинап үлгеруі керек. Жүзімді жинаудың да өз тәртібі бар. Тәтті екен деп барлығын бірдей кесе беруге болмайды. Арасындағы піскендерін таңдап, қырқу керек. Бір түп ағаш 15-25 келіге дейін өнім береді. Фарух Тагаев, жұмысшы: – Біреуміз қырқамыз, біреуміз тасимыз. Әрбір жұп 3-4 сағаттың ішінде 300-400 келіден өнім жинайды. Мынадай әдемі-әдемі жүзімді жинап саламыз. Сағат 10-11-ге дейін 1 газель өнім жібереміз. 2,5-3 тонна. Күніне 6 мың теңгеден төлейді жұмысымызға. Осының арқасында бала-шағамызды асырап отырмыз. Жалдамалы жұмысшылар піскен өнімді шелекпен бір орынға жинайды. Оны қыздар іріктеп, қорапқа салады. Айтуларынша әр қорапқа шамамен 7-8 келі жүзім кетеді. Сосын оны күн ысымай тұрып, арнайы көлікпен базарға жөнелтеді. Раух Непалиев, шаруашылық басшысы: – Дайын өнімді Шымкент қаласындағы базарларға өткіземіз. Олар бізден келісін 225-300 теңгеден көтерме бағамен сатып алады. Бағаның төмен болуының бір себебі – мұнда Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан жүзім көп келеді. Сондықтан арасында Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларына жібереміз. Ол жақта баға жақсы. Ресейге шығарсақ деген де ойымыз бар. Диқан биыл жүзім жақсы салғанын айтады. Әр гектардан 10 тоннадан өнім алуды жоспарлап отыр. Жалпы Жетісай ауданында 448 гектар аумаққа жүзімнің «Аркадия», «Лидия», «Байқоңыр», «Анюта», «Велес», «Кодрянка», «Академик», «Дубовский» сынды 9 сұрпы егілген. Көбі тамшылатып суару әдісін қолданады.     Нұртас Тұрсынбеков, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы: – Ол дақылдардан да қазіргі таңда өнім жинау науқаны жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мың тоннадан астам өнім жиналды. Жүзім дақылынан алынған өнімдер өзіміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласының базарларында сатылуда. Базарда баға тұрақты дейді мамандар. Қазір Шымкент пен Түркістан базарларында жүзімнің келісі 450-500 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал өз үйінің ауласына еккен кей тұрғындар 300-350 теңгені қанағат тұтуда.

Алдыңғы пост

ОТЫРАРЛЫҚ ЖАС КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТПЕН ТЕМІРДЕН ТОР ЖАСАУ ӨНДІРІСІН ДАМЫТЫП ОТЫР

Келесі жаңалық

Қазығұртта жиын-терім науқаны қызу

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі