infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

БИЫЛ «ШАҢЫРАҚ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ 1728 АЗАМАТ НЕСИЕЛІК БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

14 июля, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
БИЫЛ «ШАҢЫРАҚ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ 1728 АЗАМАТ НЕСИЕЛІК БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Биыл Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағытымен тұрғын үй кезегінде тұрған 1728 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді. Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов тұрғындарды кезекті қабылдауында осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған бағыт бойынша «Отбасы банк» өзінің интернет ресурстары арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында 27 үйді сату бойынша өтінімдер қабылдаған болатын.
1 кезеңдегі 576 пәтер бойынша ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында конкурс өткен. Нәтижесінде, 590 өтінім қабылданып, 273 азаматтың өтінімдері мақұлданған. 2 кезең бойыша 512 пәтерге ағымдағы жылдың сәуір-мамыр аралығында конкурс өткізіліп, нәтижесінде, 1084 өтінім қабылданды. Қазіргі таңда мақұлданған 280 өтінім бойынша төлем қабілетін растаған азаматтар арасында пәтер бөлу процедуралары жүргізілуде. 3 кезеңге сәйкес, 640 пәтерге биыл мамыр-маусым аралығында конкурс өткізіліп, нәтижесінде 1240 өтінім қабылданған. Қазіргі таңда банк тарапынан конкурсқа қатысқан азаматтардың төлем қабілетін растау жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, барлық қалған несиелік бағыттағы пәтерлер бойынша аталған 3 кезең біткеннен кейін тағы конкурс жүргізілу жоспарлануда. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта баспана алуды көздеген азаматтарға бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаты белгіленген шекте берілмек.
Айта кету керек, «Шаңырақ» бағытына тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар отбасының ортақ табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда қатыса алады (2021 жылға – 126 917,4 теңге). Аталған бағдарлама арқылы жылдық мөлшері 5 пайыздан аспайтын, алғашқы жарна 10 пайызбен, 20 жылға жаңа тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Егер азаматтардың ай сайынғы табыс көзі жетпей жатқан жағдайда, туысы немесе жақыны кепіл бола алады.
Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 50 КӨШЕГЕ QR КОДЫ БАР ТАҚТАЙШАЛАР ОРНАТЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА СОҢҒЫ БІР АЙДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ 30 ПАЙЫЗДАН АСҚАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі