infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

«БІРЛІКТЕГІ» АҒАЙЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІН ТАПҚАНЫНА РИЗАШЫЛЫҚТАРЫН БІЛДІРДІ

15 декабря, 2022
in Әлеумет
0
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындармен дәстүрлі кездесуін қорытындылады десек болады. Алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындармен кезекті кездесуін «Бірлік» секторында жалғастырды. Жыл басынан бері бұл секторда үш рет кездесу өтіп, 93 мәселе көтерілген болатын. Оның 46 орындалды. Тоғыз мәселе бойынша жұмыстар жоспарлы жүргізілуде. Он төрт мәселенің заңдылығы түсіндірілді. Кездесулерде «Бірлік» секторында электр қуатының төмендігі бойынша алты шағым түскен болатын. Нәтижесінде, Арнасайға үш дана, Ару ана аймағына бір дана, 8-көшеге бір дана трансформатор орнатылды. Сонымен қатар жаңадан қоныстанған аумақтарға ауыз су жүргізу мақсатында жаңа жоба іске асырылуда.

«Бірлік» секторында 167,3 шақырым құрайтын 164 көше болса, оның ішінде 17 көше асфальт жол, 130 көше тас жол, 17 көше топырақ жол болып табылады. Ағымдағы жылы 16,5 шақырым құрайтын 26 көшеге тас төселді. 16,7 шақырым құрайтын он бір көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. Сондай-ақ, 3,4 шақырым құрайтын үш көшені орташа жөндеуден өткізу көзделуде.

«Бірлік» секторының тұрғындары бірқатар мәселелердің шешімін тапқанына ризашылықтарын білдірді. Тұрғындардың айтуынша, аймақта қолға алынған тірліктер өз жалғасын табуда. Халықтың талап-тілегі де ескерусіз қалмайтынын алға тартуда.

Оған қоса, «Бірлік» тұрғын алабына қарасты аумақта жұртшылықтың сұранысына орай, қоғамдық көлік қатынайтын көшелерге сегіз дана аялдама орнату жоспарлануда. Атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндаған шаһар басшысы тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Көтерілген мәселелер зерделеніп, заңға сәйкес, жоспар кезең-кезеңімен жүзеге асатынын атап өтті.

Алдыңғы пост

БЕКЗАТТЫҚТАРДЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ

Келесі жаңалық

Шешімі табылған мәселеге халық риза

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі