infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Экономика

Бірінші орым аяқталды

June 23, 2022
in Экономика, Әлеумет
0
Бірінші орым аяқталды
0
SHARES
30
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
«Қыстың қамын жаз  ойла» дегенді қазақ бекер айтпаса керек. Бүгінде ауыл жұрты үшін жауапты кезең болып табылатын қысқы мал азығын дайындау науқаны жүріп жатыр. Биыл да  шаруалар қыстың қамына ерте кірісіп, ауа райының қолайлы уақытын тиімді пайдалануда.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы берген  мәліметке сүйенсек, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 851 мың гектарға егіліп, көктемгі дала жұмыстары толығымен аяқталған. Егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде биыл мал азығы дақылдарының көлемі 5,5 мың гектарға артып, 227,5 мың гектарға егілді. Оның ішінде 298,2 мың гектарға дәнді дақылдар,  44,5 мың гектарға жүгері, 201,2 мың гектарға бидай, 47,4 мың гектарға арпа егілді.  Егіс науқанына 12,2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникалары тартылды.
Сондай-ақ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан дала жұмыстарына 1672 агроқұрылымға 5,3 млрд. теңге несие берілді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облысқа төмендетілген бағамен 47,9 мың тонна дизель отыны бөлінген.  Оның әр литрі 193-195 теңгеден босатылды.
Бүгінгі күнге жарты  млн. тонна мал азығы, оның ішінде пішен (сенаж) – 23,2 мың тонна,  шөп – 119,3 мың тонна, жоңышқа  328,7 мың тонна дайындалды. Облыс бойынша 784,9 мың тонна   жем қажет болса,  ол қазірге дейін 82 пайызға қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, облыста егістік алқап басынан шөптің бір орамы 350-400 теңгеден, жоңышқа 500-700 теңгеден сатылуда. Биыл «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ арқылы
облысқа алынатын 34,4 мың тонна бидайдан алынатын 9,3 мың тонна кебек агроқұрылымдарға арзандатылған бағамен, келісі 65 теңгеден сатылуда.
Міне, осылайша, мал азығын дайындау жұмыстары өңірде қызу жүріп жатыр.  Ауа райының ашық күндерінде шөпті шауып, оның нәрі  жойылып кетпей тұрғанда жинап алу үшін жанталасып жұмыс істеп жатқан шаруалардың ерен еңбегін қалай мақтасақ та жарасады.  Қалай болғанда да берекелі жаздың қолайлы күндерін тиімді пайдаланып қалуға асыққан еңбек адамдары  дала жұмыстарының көрігін қыздырып-ақ жатыр.
Ұлас ҮСЕНБАЙ, «Ońtústik Qazaqstan».
Алдыңғы пост

Сайрамда былтыр не атқарылды, биыл не істелмек?

Келесі жаңалық

Түркістан – түркі өркениетінің тұтқасы

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі