infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Гауһар шеберханасын кеңейткісі келеді

16 декабря, 2022
in Әлеумет
0
Гауһар шеберханасын кеңейткісі келеді
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тігіншілікті өнер десе де, кәсіп десе де болады. Ал, тігінші болу оңай емес. Ол икемді болуды ғана емес, үлкен төзімділікті де талап етеді. Кейбір жастар бұған шыдай бермейді. Айналысатын кәсіпті жан-тәніңмен сүйгенде ғана оның қыры мен сырын толық меңгеріп шығасың. Ал, бұл кәсіпті бір игеріп алсаңыз, сізді ешкімге тәуелді етпейді. Жұмысыңның жемісін көріп, бақытқа бөлену қандай ғажап?! Адамдарға қуаныш сыйлаудың ләззаты өз алдына. Талай жылдан бері тігіншілікпен айналысып жүрген жандар оның рахатын жақсы сезінеді. Оның үстіне кәсіпқой ісмерлердің қол еңбегі қашанда жоғары бағаланады. Сондай ісмер жандардың бірі – Түркістанның тұрғыны Гауһар Батырбекова.

Бүгінде Гауһар Батырбекова өзінің жеке тігін шеберханасын ашқан. Әрине, ер азаматтың тірлігі түзде болса, әйел – үйдің берекесі, отбасының ұйытқысы. Олардың айналысатын шаруасы жетеді. Тек уақытпен санаспастан бәріне үлгеруі тиіс. Бесікті тербетіп, бала тәрбиесімен де шұғылданады. Шүкір, бес перзентті қатарынан кем қылмай өсіріп отыр. Балаларға берілетін жәрдемақы мен арнайы жеңілдіктер – қаймаққа жаймақ. Алайда, қосымша жұмыс істеп, табыс таппаса отбасы бюджетін молайтуға мүмкіндік жоқ. Әрекет жасамаса болмайды. Сондықтан кеш те болса да мамандық алуға бел байлады.

Гауһардың тігіншілікке икемі бала кезінде бар еді. 2013-2014 жылдар аралығында Шардара қаласындағы №16 колледжде оқып, тігін өндірісі және киімдерді модельдеу кәсібін меңгеріп шықты. Күнкөріс қамымен күндіз сауда жасады. Базар адамды бәріне үйретеді екен. Кешке түрлі-түсті маталардан ою ойып, құрақ құрап, бесік жабындыларын тігумен шұғылданды. Біртіндеп оған сұраныс берушілер саны артты. Тапсырыс көбейген сайын жұмыс ауқымы да ұлғайды. Базардың іргесінен «Гаухар» тігін шеберханасын ашты. Ол 2019 жылы жұмыспен қамту орталығы арқылы үш айлық курсты тәмамдап, мемлекет тарапынан қайтарымсыз 555 600 теңгеге қол жеткізді. Сөйтіп, мемлекеттің шынайы қамқорлығын сезінген кәсіпкер қомақты қаражатқа соңғы үлгідегі тігін машиналарын сатып алды.

– Еліміз шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау бағытында көп балалы кәсіпкер аналарға айтарлықтай көмектесуде. Бұл өз ісін жаңадан ашып, кәсіп бастап жатқан біз сияқты жандарға жасалған зор қолдау деп білемін. Себебі, мемлекеттің негізгі тірегі осы шағын және орта бизнес иелері ғой. Сондықтан барлығына алғысымды айтқым келеді, – дейді көп балалы ана.

Келешекте өндірісін кеңейткісі келетін кәсіпкер жұмысқа қосымша адам қабылдауды жоспарлап отыр.

Алдыңғы пост

Елу жыл Түркістанның дамуына қызмет еткен азамат

Келесі жаңалық

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША 26 КӨШЕГЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОЛ САЛЫНАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі