infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қазақстан

Дикий Арманның қылмыстық тобына қатысты тың дерек пайда болды

20 июня, 2022
in Қазақстан
0
Дикий Арманның қылмыстық тобына қатысты тың дерек пайда болды
0
SHARES
56
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бас прокуратура Дикий Арманның қылмыстық тобына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Infonews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев қаңтар оқиғасы кезінде топ тәртіпсіздіктерге белсене қатысқанын, Арман Жұмагелдиев немесе Дикий Арманның ролі ерекше болғанын айтты.

«6 қаңтарда топ мүшелерінің бірі Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген қылмыскерлерге Glock және «Макаров» тапаншаларын таратқан. Қаруланған қылмыскерлер бір уақытта ұйымдастырушы мен оның сыбайластарынан нұсқау алған. Олар сыбайластарды 10 топқа бөлді, олардың жоспарланған қылмыста ролі болды. «Жауаптылар» тағайындалып, оларға ұйымдастырушылар оқ өтпейтін кеудеше, басты қорғайтын құралдар, атыс қаруы және 200 мың теңге берген», — деді Шалабаев.

Оның айтуынша, қарапайым сыбайластарға сойылдар және басқа да заттармен қарулану тапсырылған. Ерекше белгі ретінде барлық қылмыскердің қолында ақ таңғыш болуы керек болған.

«Қаланың түкпір-түкпірінен келген қарулы қылмыскерлердің бұл топтары 24 азаматты ұрлап әкетіп, ұрып-соғып, Ritz Carlton және «Қазақстан» қонақүйлерінің автотұрағында ұстаған. Артынша жәбірленушілер қаланың шетіне жеткізіліп, темір контейнерге қамалған. Жарақат нәтижесінде жәбірленушілердің бірі қайтыс болды», — деді ол.

Осы қылмыстарды жасағаны үшін 40 күдікті қамауға алынды. Қылмыстық топтың қалған мүшелерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Tags: Дикий Арманқылмыстық топ
Алдыңғы пост

Өлтірушілер: Гиппократ антын бұзған дәрігерлер

Келесі жаңалық

"ТОМИРИС-ТҰРАН": БҰРЫМДЫЛАР ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕДЕ БАҚ СЫНАЙДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі