infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ЕСЕЛІ ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ

January 19, 2023
in Әлеумет
0
ЕСЕЛІ ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жуырда Шымкент қаласына «Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Төлеубек Мұқашев табан тіреп, қоғамдық бірлестіктің ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын қолдау және жүзеге асыру жөніндегі үндеуін жариялаған болатын. Осы жиында үшінші мегаполистегі бірқатар белсенді халық қалаулылары марапатталды.

Міне, сол абырой биігінен көрінгендердің қатарында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Айжан Наимбекова да бар. Бұл есім Бозарық, Асар, Асар-2 шағынауданының тұрғындарына жақсы таныс. Өйткені Айжан Ізбасханқызы күні бүгінге дейін аты аталған аймақтардағы әлеуметтің күрделі мәселесін мәслихат мінберінен көтеріп, шешілуіне атсалысып келеді. Нәтижесінде тұрғындарды толғандырған түйткілдердің біразы шешімін тапты.

Халық қалаулысы әлеуметтік желіде де жұртшылықпен кері байланыс орнатып, тұрғындармен тілдесуді әдетке айналдырған. Мемлекет басшысы жариялаған реформаларды да әуелгілерден болып тарқатып, түсіндіріп, үн қатып жататынын ойы нық, санасы сергек оқырман жақсы біледі. Өзгені қойғанда, кәсіпкерлік саланың қыр-сырын жақсы білетін жан инновациялық жобаларға берілетін грантқа үміткерлерді іріктейтін комиссияға екі жыл қатарынан жетекшілік етті. 2021 жылы халық қалаулысының өзі 4 кәсіпкерді арнайы қолдап, 20 млн теңге грант алуына себепші болды. Араға жыл салып, сол кәсіпкерлер мемлекетке 21 миллион теңгенің салығын төлеген. Міне, осыдан-ақ мемлекет қаржысына деген жанашырлықтың жарқын үлгісін көруге болады.

Әрине, атқарған ісін айта берсек, көп. Бастысы – марапаттың иесін тапқаны. Ендеше редакциямыздың атынан халық қалаулысын аталған марапатпен құттықтаймыз! Ел үшін атқарар еңбегіңіз елене берсін, Айжан Ізбасханқызы!

Алдыңғы пост

«ХАРЕКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ ТАҒЫ БІР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Келесі жаңалық

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫН КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУ 19 НАУРЫЗҒА БЕЛГІЛЕНДІ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі