infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

3 июля, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Жолдауында мемлекет тарапынан азаматтардың, оның ішінде жастардың жеке кәсіпкерлігін ашып, бизнесін қалыптастыруына жан-жақты жәрдем жасалуы тиіс деген тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі жоспарлы жұмыс істеп келеді.
Шымкент – республиканың ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі болғандықтан мұнда өнеркәсіп саласында 719 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда. Оның 24-і ірі, 49-ы орта кәсіпорын. Онда 32,6 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев:
– Қазіргі таңда 58 млн. теңгеге 6 жоба қаржыландырылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2021 жылға 3 376 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде: банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 3 376 млн. теңге, банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге бойынша 200 млн. теңге. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 81,6 млрд. теңгеге 82 кәсіпорыннан өтініш түсті. Екінші деңгейлі банктермен 46,2 млрд. теңгеге 59 жобаға қолдау көрсетілді,-деді қала әкімінің орынбасары. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға 2 396,0 млн. теңге бөлінді. 2021 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 816,1 млн. теңге бөлінген. Бұл бағдарлама аясында несиелерді рәсімдеу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өтінім тапсыру қажет.
Сонымен қатар, әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында әкімдік тарапынан «Мен кәсіпкер боламын» арнайы іс-шара жоспары іске асырылуда. Аталған іс-шара аясында 10,0 млн. теңгеге дейін 1%-дық несиелер беріледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 060,0 млн. теңге қаржы қаралған, деп қала әкімдігінің жастардың кәсіпкерлікке бет бұруына жағдай жасап, қаржылай қолдап отырғанын айтты.
Бағдарлама аясында жастарға бизнес жоспарын жасау, кәсіпкерліктің бастапқы баспалдақтарынан өту мен алғаш қәсіпкерлікті қалай ұйымдастыру бойынша да қысқа курстар, кеңестер беру ұйымдастырылған.

Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Келесі жаңалық

ДЕНДРОСАЯБАҚТЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ МЕН ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі