infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

«ЖАС ҰСТАЗ: ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ» АТТЫ БІРІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ФОРУМЫ ӨТТІ

August 26, 2022
in Әлеумет
0
«ЖАС ҰСТАЗ: ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ» АТТЫ БІРІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ФОРУМЫ ӨТТІ
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Жас ұстаз: Табысқа апарар жол» атты бірінші республикалық жас мұғалімдер форумы өтті. Айта кетейік, республикалық форум жас мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған NIS-тің  ауқымды жобасының жалғасы болып есептеледі. Идеяның өзі жас ұстаздардың «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездесуден кейін туған.

Еліміздің 120-дан астам жас ұстаздарын басын қосқан форумға оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов,  танымал актер, отандық және шетелдік блокбастерлердің басты кейіпкері, «Паралимпиец» және «Нулевой пациент» кинохиттеріндегі рөлдерімен танымал Асқар Ілиясов, «WikiBilim» қоғамдық қорының негізін салушы және басшысы, электрондық білім беру саласындағы сұранысқа ие Bilim Media Group компаниясының директоры Рауан Кенжеханұлы, журналист Майра Төлепберген, жас белсенді Тимур Джурумбаев қатысты.

Сондай-ақ, республикалық жиынға Ұлыбританиядан NIS-пен ұзақ уақыттан бері табысты ынтымақтастық орнатқан Кембридж университетінің білім беру факультеті өкілі Элейн Уилсон жас оқытушылар қатарына қосылды.

Екі күн бойы жалғасқан шара барысы шығармашылық талпынысқа, жаңа таныстықтарға, кәсіби жаңалықтарға, өршіл жобаларға, шабыттандыратын тренингтер мен шеберлік сағаттарына толы болды.

Форум қатысушыларымен«галстуксыз кездесуге» Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов,«Назарбаев Зияткерлік мектептерін» Дамыту қорының директоры, «SHARE орта білім берудегі ғылым» жобасының жетекшісі Назипа Аюбаева, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі Әсел Молдабекова келді.

Жаңа буын мұғалімдері Асхат Қанатұлына философиялық, мемлекеттік ауқымдағы және өзіне тән – жеке лайфхактардан бастап әдеби талғамға ұласқан сауалдар жолдады.

Сонымен қатар, ұстаздар форумына Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен білім ордасының педагогикалық шеберлік орталығы менеджері Сакен Нұржауытов пен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шыңғыс Есеңғараұлы қатысты.

Педагогикалық шеберлік орталығы менеджері Сакен Нұржауытовтың сөзінше форум жас ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыруда жаңа серпін берді дейді:

«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жас ұстаздар форумы барысында жас мамандардың өзара тәжірибе мен идея алмасып, кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды. Цифрлі ресурстарды білім саласына кіріктіре отырып табысты оқыту жолдарын үйренді. Креативті әрі сыни тұрғыда ойланып, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мақсатын қоя алды. Жаңа оқу жылына жаңа шабытпен кірісіп, балаларды жаңа форматта оқытуға кірісетіндіктері туралы пікірлерін білдірді.

Ал, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шыңғыс Есеңғараұлы еліміздің барлық өңірінен жиналған жас ұстаздармен бірге идея алмасуда, білімімізді шыңдауда шеберлік алаңы болды дейді.

Мектеп әкімшілігі хабарласып,  іс сапарға баратынымды айтқанда қатты қуандым.  Іс сапарда жол жүріп ойың бөлінеді,  ел көріп, жер көріп, жаңа идея жинақтайсың.

Әр түрлі семинарлар мен еркін форматтағы сұхбаттар еліміздің педагогикасына серпін берері анық.

Өзім көптеген әріптестеріммен таныстым. Сабағын тик ток арқылы қызықты қылып жүрген Темірбек Сағындықов пен Bilim Media Group компаниясының негізін қалаған жаңашыл бастамашыл білім саласының кәсіпкері Рауан Кенжеханұлымен тілдестім. Бұрын соңды естімеген көрмеген әдіс тәсілдерді түртіп алдық.  Ең бастысы жаңа оқу жылы жаңа леппен шабыттана бастаймыз, – деп өз ойымен бөлісті.

Бүгінде «Жас Ұстаз: Табысқа апарар жол» бірінші республикалық ұстаздар форумының аясында педагогтердің кәсіби дамуы мен байланысы үшін бірегей платформа құрылды. Онда еліміздің үздік жас мұғалімдері NIS-пен бірге табысқа жету жолын жалғастыратын болады.

Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы пост

БІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!

Келесі жаңалық

ТАМЫЗ КЕҢСЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ БАЯНДАМАЛАР ЖАСАЛДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі