infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЖАҚСЫ БАСТАМА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ МА?

26 ноября, 2022
in Қоғам
0
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Былтыр Түркістан қаласында тұрғындар мен халық қалаулыларының қатысуымен «Отбасыңмен он тал ек!» эко-акциясы өтті. Қоршаған ортаны қорғауда ұжымдық бірлікті арттырған айтулы акция жайлы республикалық арналар мен жергілікті БАҚ-тарда айтылған болатын. Бүгінгі мақаламызда осы бастаманың барысы мен нәтижесі жайлы аз-кем ақпарат бергелі отырмыз.

Тұрғындарды табиғатты аялауға және шаһардың гүлденуіне үлес қосуға шақыратын игі шараның маңызы зор болды. Тұтас қаланы жұмылдырған жоба былтырғы жылдың 1 қарашасына дейін-ақ өз жұмысын бастап кетті.

— Егілетін ағаштарға шұңқыр қазу, белгіленген нысандарды даярлау секілді жұмыстарға жауапты адамдар бекітіліп, тапсырмалар берілді – дейді шараға жауапты «Жасыл Түркістан» КММ директоры Көркемжан Тұрсынбайұлы. Айтуынша, қарашаның 13-нен басталған жоба тура он күнге созылып, оған қалалық мәслихат депутаттары, зиялылар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ардагерлер және қала тұрғындары қатысқан. Тарқатып айтсақ, Бірлік тас жолынан Тұран саябағына дейінгі аралыққа 8030 қарағаш, 1000 терек, 1000 дана акация егілсе, Тұран саябағы, Эко базар және Батыс Еуропа –Батыс Қытай айналма тас жолы бойына 11030 қарағаш, 2 000 терек, 1000 дана акация және қарағай мен айланттан 500 көшеттен отырғызылған. Екі аумаққа отырғызылған көшеттердің жалпы саны 30000 – нан асып жығылған. Одан бөлек Кентау тас жолы мен Отырар м/а, Б.Саттарханов даңғылы, Майкотов көшесі, Алматы көшесінің оң және сол жағы және Айналма тас жолына (Кентау тас жолымен теміржол аралығы) егілген ағаштар 80000 – ға жуықтаған.

— Аталмыш акцияда Түркістанды таза әрі жасыл қалаға айналдыру мақсатында бас-аяғы 91 156 көшет егілген болатын. Салауатты өмір салты мен еңбекке баулуды көздеген шараға тұрғындардың белсенділігі де жоғары болды – дейді ол.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков те акцияның алғашқы күнінен-ақ іске қарқынды кіріскен қала тұрғындарына алғыс білдірген болатын. Қала басшысының сөзінше, акция кезінде отырғызылған ағаштар бұдан әрі күтімге алынып, бақылауда болады. Сондай-ақ, бұл жұмыстардың бәрі тұрғындармен бірлесе отырып жасалатынына тоқталды.

Шаһардың шағын әрі басты аймақтарын қамтитын бастамаға жоғарыда айтылған түрлерден бөлек туя, сирень, гужум секілді тұрпаты бөлек ағаштар отырғызылған. Сала мамандары қазіргі таңда жобаны дамыту үшін сенбіліктер ұйымдастырылып, қала тазалығы мен жасыл екпелерді күтіп-баптау бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға пайдалы ақпараттар беріліп жатқанын жеткізді.

— Осы арқылы былтыр орын алған олқылықтар жөнделіп, шара ауқымы кеңейеді. Алдағы уақытта акция өтетін қала нысандары мен көшеттер саны жайлы мәліметтер халыққа тұрақты түрде хабарланып отырады — деп сенім білдірді жобаға жауаптылар.

Жалпы айтқанда «Отбасыңмен он тал ек!» эко-акциясын қолдаушылар мен жобаға қатысушылар саны көбейіп келеді. Қол жеткізген нәтижелерге сәйкес игілікті бастама халықтың салауатты өмір салтын ұстануға, қала тазалығына бей-жай қарамауына айтарлықтай үлесін қосты. Қазақта халықты қоршаған ортаға деген жанашырлыққа баулитын тәмсіл-нақылдар өте көп. «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген сөз содан қалса керек. Осы орайда, Түркістанды жасыл қалаға айналдырып, жарқын болашаққа жетелеуді көздеген «Отбасыңмен он тал ек!» атты ауқымды шараның салмағы мен маңызы зор екенін айта кеткен жөн. Тұрғындардың көкейінде жүрген «Акция жалғаса ма?» деген сауалға Көркемжан Тұрсынбайұлы:

— Былтыр күз айларында бастау алған жоба биыл да өз жалғасын табады. Қазіргі таңда тек егілген ағаштарды суару мен тазалық, күтім жұмыстары жүргізіліп жатыр – дей келе, 2022 жылдың күзінде халықты жақсы бастамаға жетелейтін жобаны тағы да іске асыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Айта кетейік, атаулы акция бойынша күз маусымында ағаштар отырғызылып, басқа мезгілдерде оларды баптау жұмыстары жүргізіледі.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Алдыңғы пост

Түркістандық ақжаулықты аналарымыз ата-баба дәстүрін жалғауда

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА БІЛІКТІ ҰСТАЗДАР ҚАТАРЫ КӨП

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі