infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Жаңа жобалардың жақсылығы көп

18 декабря, 2022
in Әлеумет
0
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Жуырда Түркістан қаласында «Zhas Project» гранттық жобасының қорытынды кеші мен үздік тәжірибелер форумы өтті. 
Аталған жоба аясында Түркістан облысында 63 жоба іріктеліп, әрбір қатысушыға өз бастамаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін грант бөлінген.  «Zhas Project» гранттық жобасының қорытынды кешінде білікті, талапты жастар үздік жобаларын ұсынып, өздерін кәсіпкер ретінде дамытуға мүмкіндік алып отыр. Барлығының жобасымен танысып шықтық. Оның ішінде нәрестелерге арналған массаж бен жөргек  шығару, сондай-ақ, спорт саласы, тамақ өнімдері бойынша маңызды жобалар бар. Осылардың ішінде ұлттық спортымызды ұлықтаған садақ ату жобасы ерекше есте қалды. Жалпы, елімізде 3 млн. және 5 млн. теңге көлемінде беріліп жатқан қайтарымсыз гранттар бар. Олардың басты шарттарының бірі – инновациялық болуы керек. Болашақта түркістандық жастардың қолынан шыққан инновациялық жобалар көбейеді деген сенімдеміз» деді билік басындағылар.
Қорытынды кеште Балжан Құдайбергеннің «IELTS Study Group» жобасы, Ильяс Марлиновтың «Блокты бағдарламалау» жобасы, Алуа Тұрсынханның «Көп реттік жөргек» жобасы, Кентау қаласында оқушыларды шахматқа баулыған мұғалім, жаттықтырушы Асхат Шотаевтардың жобасы үздік деп танылды. Олар көпшілік алдында өздерінің жаңа жобаларын таныстырып, практикалық маңызына тоқталды.
«Біз жөргектерді көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тегін таратамыз. Ең бастысы, экологиялық таза, бала денсаулығына аллергиялық әсері жоқ. Бір реттік жөргек – 200 теңге. Бір күнде 4 жөргек ауыстырсаңыз – 800 теңге. Айлық шығыны 24 мың теңгені құрайды. Бір үйде 3 бала болса, айына 50-70 мың теңге жұмсалады. Біздің жөргектер арқылы әр отбасы 50 мың теңгеге дейін үнемдей алады» дейді кентаулық «Көп реттік жөргек» жобасының жетекшісі Алуа Тұрсынхан.
Айта кету керек, «Zhas Project» – әлеуметтік жобаларды іске асыруға, өз әлеуетін, өмірлік маңызды дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға 18 жастан 28 жасқа дейінгі мүдделі жастарға бағытталған жоба. «Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы жұмыс істейді, церебральды сал ауруы бар балаларға емдік атпен жүру сабақтары өткізіледі, сабындар, кептірілген жемістерден жасалған эко чипстер мен инкубация арқылы жұмыртқалар өндіріліп жатыр. Өңірімізде жобаның жастар арасында үлкен сұранысқа ие болуына байланысты алдағы уақытта гранттық жобалардың санын ұлғайтуды ұсынамыз» дейді Түркістан облысы бойынша «Zhas Project» жобасының жетекшісі Дінислам Бимаханбетов.
Еске сала кетсек, жоба барысында шағын гранттарды іске асыру қорытындысы бойынша Түркістанда 18 білім беру курсы, 12 спорт секциясы, 6 наубайхана және кондитерлік шеберханасы, 6 тігін шеберханасы, 5 логопедиялық орталығы, 4 сұлулық салоны, 3 массаж кабинеті, 3 демалыс орталығы іске қосылған.
Алдыңғы пост

Түркістан қаласында 110 кВ солтүстік қосалқы стансасы салынып жатыр

Келесі жаңалық

Сенім бар жерде табыс бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі