infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ЖАҢА ҚАУЛЫ: ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАЙТА КҮШЕЙТІЛДІ

14 июля, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ЖАҢА ҚАУЛЫ: ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАЙТА КҮШЕЙТІЛДІ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов және Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Ахметовтің қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық ахуал мен карантиндік шаралар туралы баспасөз брифингі өтті.

Бақытжан Жолдасбекұлының мәлімдеуінше, қазіргі таңда Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып тұр. Соңғы тәулікте шаһарда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 342 жағдай тіркелген. Бұл ретте 78 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 264 адам үй бақылауына алынды.

– Шымкент қаласы қазіргі таңда «қызыл» аймақта тұр. Сондықтан қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз. Бүгінгі күні қалада 2 196 төсек-орын бар, оның 933-і бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 1263 науқас ем қабылдауда немесе толымдылығы 58% құрайды, — деді басқарма басшысы.

Шымкент короновирус инфекциясына қарсы екпе салдыру бойынша, елімізде көш басында екенін тілге тиек еткен Бақытжан Позилов әлі де жұмысты жандандыру қажет екендігін жеткізді.

– Жалпы қалада вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Қалада бүгінде 45 егу бекеті жұмыс істеуде. Қазірге дейін 1 компоненттен 325 354 адамға, 2 компоненттен 198 008 адамға егілді. Бұл – вакциналанған тұрғындардың 60%-ы. Аталған көрсеткіш бойынша Шымкент көш басында. Дегенмен, тұрғындар әлі де сақтық шараларын басты назарда ұстау керек, – деді Б. Позилов.

Сондай-ақ брифинг барысында Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Ахметов инфекцияның тіркелуінің жоғарылауына байланысты шектеу шаралары күшейтілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 13 шілдедегі №21 қаулысына сәйкес, сенбі, жексенбі және мереке күндері қалалық қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады. Базарлардың да жұмысы демалыс күндері шектеледі, тек жұмыс күндері 20:00-ге дейін істейді. Сондай-ақ Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар және басқа кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Жаңа қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu оқуға болады.

 

Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНДЕ ЕЛЕУЛІ ӨСІМ БАЙҚАЛАДЫ

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТТЕ АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДА ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ БІРІНШІ САНАТТЫ МҰҒАЛІМДЕР ҮЛЕСІ 30 ПАЙЫЗҒА АРТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі