infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жолайрық құрылысын жалғастыру үшін табиғи газ уақытша сөндіріледі

June 8, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов қаладағы Д.Қонаев және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысына байланысты газдың уақытша өшірілетіндігі жөнінде баспасөз брифингін өткізді.

Қазіргі таңда Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жобаға сәйкес, қысымы жоғары диаметрі Ø 315 мм газ құбырының орнын ауыстыру жұмыстары қарастырылған болатын. Соған орай орны ауыстырылған газ құбырын қолданыстағы газ құбырына қосу қажеттілігі туындап отыр.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл жұмыстар жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 10 маусым күні сағат 9:00-ден 11 маусым сағат 15:00-ге дейін атқарылады. Аталған газ құбырынан Шымкент қаласының Төменгі Отырар шағынауданында 600 пәтер, Рысқұлов – Қонаев – Дулати – Байтұрсынов – Жандосов көшелері орамында және Рысқұлов көшесінің солтүстік беткейінде орналасқан ғимараттар, тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік нысандар газ желісімен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты аталған көшелерде, шағынаудандарда газ желісі толығымен уақытша сөнеді.

Жоғарыда аталған көшелерде, шағынаудандарда газ желісімен қамтамасыз етілетін ғимараттар, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және маңыздылығы жоғары мекемелерді қосу жұмыстары кезінде газдың уақытша сөнетіні туралы қала тұрғындарын ақпараттандыруды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеміз.

Сонымен қатар, газ желісін қайта қосқанда үйішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсету мамандарының және тұтынушылардың газ жабдықтарына тексеру жұмыстарын жүргізуін және мұқият болуларын сұраймыз.

Алдыңғы пост

Шымкентте Назарбаев университетінің тәжірибесімен озық ЖОО ашылады

Келесі жаңалық

Шымкентке білікті дәрігерлер тобы келді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі