infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жыл басынан бері 1959 жұмысшының жалақы қарыздары өтелді

June 29, 2021
in Қоғам
0
Жыл басынан бері 1959 жұмысшының жалақы қарыздары өтелді
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша (үш жақты) комиссия отырысы өтті.
Жиында қала аумағында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек дауларын болдырмауға бағытталған жұмыстар және үш жақты комиссияның өткен отырыстарының №4 хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.
Шымкент қаласында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету –басым бағыттардың бірі. Қала аумағында өндірістік жарақат алу жағдайлары бойынша көрсеткіштер өткен жылдармен салыстырғанда біршама төмендеген. Жыл басынан бері қалада 12 жазатайым оқиға тіркеліп, өкінішке қарай 1 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, еңбек дауларын болдырмауға бағытталған жұмыс барысы тұрақты бақылауда. Еңбек дауларының алдын алуға арнайы мониторингтік топ құрылды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 33 кәсіпорындағы 1 959 жұмыскердің 151,2 млн. теңге көлемінде жалақы қарыздары төленіп, жұмыскерлердің әлеуметтік құқықтары қорғалған.
Қала әкімінің хаттамалық тапсырмасы бойынша қаладағы кәсіпорындардың еңбек заңнамасын сақтауы тәуекел деңгейіне байланысты топтастырылды. Бірінші кезекте тәуекелдік деңгейі жоғары компанияларда әлеуметтік әріптестермен түсіндірме жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.
– Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – баршамыздың қызметіміздегі негізгі басымдық. Біз мұны осы комиссияда үнемі қарап, бақылап, тиісті ұсынымдар әзірлеп отырамыз. Бүгінгі отырыстың нәтижесінде өзіміздің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарымызды бекітетін боламыз, – деді қала әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ, жиында үш жақты комиссияның өткен отырыстарының хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы талқыланып, жауапты мемлекеттік мекемелердің баяндамалары тыңдалды.
Алдыңғы пост

«Ten qogam» секторы ашылды

Келесі жаңалық

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІ сессиясы өтті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі