infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Экономика

Иранмен байланыс жаңа сатыға көтерілуде

August 22, 2022
in Экономика
0
Иранмен байланыс жаңа сатыға көтерілуде
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанға Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер жұмыс сапарымен келді. Иран елшісімен облыс әкімінің міндетін атқарушы Арман Сәбитов кездесіп, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту жөнінде пікір алмасты. Алдымен елшіге Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуеті, экономикалық көрсеткіштері мен мүмкіндіктері таныстырылды. 

– Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Иран арасындағы байланысты одан әрі нығайтады деп сенемін. 2018 жылы 18 маусымда Түркістан облысы құрылды. Түркістан қаласының облыс орталығы атануы шаһардың дамуына, инвестиция тартуына серпін берді. Өткен жылы облысқа тартылған инвестиция көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал, жалпы облыс құрылғалы бері инвестиция көлемі 5 млрд. АҚШ долларына жетті. Өңіріміз индустриалды-аграрлы аймақтар қатарына кіреді. Азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруда облыс еліміз бойынша екінші орында тұр. Уран қоры бойынша – бірінші орында. Қазір туризмді негізгі табыс әкелуші салаға айналдыру бағытында жұмыс жүріп жатыр. Облысқа  былтыр 1,5 млн. саяхатшы келді, өңірге келушілер санын 5 миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ирандық инвесторлармен, кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс атқаруға, оларға мүмкіндіктер ұсынып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз, – деген Арман Сәбитов Иранда тұратын ясауитанушы ғалымдарды Қожа Ахмет Ясауиді зерттеу бағытында Түркістанда өтетін халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Иран елшісі жуырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранға сапары барысында 21 маңызды құжатқа қол қойылғанын, екі мемлекет арасындағы байланыс жаңа сатыға көтерілгенін атап өтті. Елші Түркістан қаласындағы заманауи құрылыстарға жоғары баға беріп, осы өңірмен байланысты күшейтуге мүдделі екенін айтты.

 

Алдыңғы пост

Қазір диқанды үйінен таппайсыз...

Келесі жаңалық

Н.Құралов: «Инвестордың ақшасына жұмыс істеу әлемдік тәжірибеде бар»

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі