infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Киелі шаһарда 9 айда тындырымды тірліктер көп

13 декабря, 2022
in Әлеумет
0
Түркістан облысы Н.ТҰРАШБЕКОВ: Сіздерден түскен мәселе бізден заң аясында шешімін табады деп сенемін
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков 9 айдың қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг берді. 

Қала әкімінің мәлімдеуінше, 2021 жылы өнеркәсіп саласы бойынша өнім көлемі 14,8 млрд. теңге көрсеткішке ие болса, биыл 9 айдағы нәтиже 15,4 млрд. теңгеге жетті, яғни өткен жылғы көрсеткіштен 3,8%-ға артқан. 

 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру – алдымызда тұрған аса маңызды міндет екенін айтты. Президент тапсырмасы қазіргі таңда киелі шаһарымызда жүйелі іске асып, өз нәтижесін беруде. Биыл Түркістан қаласына 179,1 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл ретте 9 айдың ішіндегі көрсеткіш 192,1 млрд. теңгеге жетіп отыр. Жалпы, 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвестициялық жоба мақұлданып, 761 млрд. теңге инвестиция тарту көзделген. Оның ішінде биыл шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды, – деді Нұрбол Әбсаттарұлы.

Сонымен қатар, «TURKESTAN» индустриалды аймағында 2016-2022 жылдар аралығында 8,6 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба іске қосылып, 857 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл 900 миллион теңгені құрайтын 3 кәсіпорын жыл соңына дейін іске қосылады. Олар – «Асфальт бетон», «Газоблок», «Газобетон» зауыттары.

Ал, баспанамен қамту саласында 2022 жылдың 9 айында 288,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Нақтырақ айтқанда, 2 667 пәтерлі 42 тұрғын үй ел игілігіне

тапсырылды.

Инфрақұрылым бойынша да шаһарда оң өзгерістер бар. Қазіргі таңда қала аумағында 37 655 абонент таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін оның деңгейі 98,5%-ға жетпек. Ал, сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші биыл 84,9%-дан 94,7%-ға артқан. Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылған. Бүгінгі күні «көгілдір отынды» 38 060 абонент дербес шот ашып пайдалануда. Бос жер телімдерін қоса алғанда толық табиғи газды пайдаланушылар саны биыл 95%-ға жетті.

Нұрбол Әбдісаттарұлының айтуынша, қалада жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4%-дан 40,3%-ға артпақ. Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78-і сыйымдылығы жоғары болса, қалған 142-сі  шағын автобус. 2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34%-ы жаңарды.

Алдыңғы пост

Түркістанның ескі бөлігінде инфрақұрылым жаңарып, шағын аудандар көркейе түсті

Келесі жаңалық

ХҚКО бөлімшесі жаңа форматта жұмыс істейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі