infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ   ҚЫЗМЕТТЕР  1,7 ЕСЕГЕ ӨСТІ

August 31, 2022
in Әлеумет
0
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ   ҚЫЗМЕТТЕР  1,7 ЕСЕГЕ ӨСТІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық  қызметтерді  қаржыландыруды ұлғайту көзделген. Өйткені, МӘМС  жүйесіне  қатысушылар  тарапынан  аталмыш  қызметке  сұраныс көп  түседі.  Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады.

МӘМС  жүйесінің  енгізілуі  медициналық көмекті қаржыландыру көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Биылғы жылы ТМККК және МӘМС пакеттерін қамтамасыз етуге 29,6 млрд. теңге қарастырылды. Оның ішінде, 24,7 млрд. теңге  МӘМС жүйесіндегі қызметтерге бағытталды.

Ағымдағы жылдың 6 айында бейінді мамандардың консультациясы мен диагностикалық зерттеулер бойынша 14, 7 млрд. теңге сомасында  қызмет көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артты. Оның ішінде,  қымбат тексерулер (КТ, МРТ, ПЭТ) бойынша  1,3 млрд. тенгеге қызмет көрсетілді.

– Жоспарлы медициналық көмек пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде көрсетіледі. Жалпы, пациент консультациялық немесе диагностикалық қызметті 10 күннен артық  күтпеуі тиіс. Бұл мониторинг ережелерімен бекітілген. Медициналық сақтандыру қорымен мекеме  медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шартта көмекті толық көлемде ұсынуға міндеттеме алады және сапа үшін жауапты – деді, Асхат Асанұлы.

Мәселен, егер медициналық ұйымда бекітілген халыққа дербес және уақтылы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі болмаса, онда Қордың жеткізушілерінің қатарынан бірлесіп орындаушыны тартуға міндетті. Бүгінде деректер базасында  125 орындаушы  бар.

Жеткізушілердің толық тізбесімен өңірлерге бөле отырып Қордың fms.kz ресми сайтында «Пациент үшін» – «Клиниканы таңдау», «Медициналық қызметтерді сатып алу» – «КДҚ қызметтерін жеткізушілер» бөлімінен танысуға болады.

Алдыңғы пост

«Farab» кітапханасы кітапқұмар қауымның сүйікті мекені

Келесі жаңалық

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі