infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

КӘСІБІҢ-НӘСІБІҢ

October 9, 2022
in Әлеумет
0
КӘСІБІҢ-НӘСІБІҢ
0
SHARES
45
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Қашан адамның мамандығы оның мақтанышына айналса ғана ол өз жемісін береді. Өз мамандығын сүймеген адамның жұмысында береке болмайды. Бойкүйездік, немқұрайлылық, салғырттық көп болады. Жасыратыны жоқ, сананы тұрмыс билеп тұрған мынау заманда мамандыққа деген сұраныс пен табатын нәпақасы да маңызды роль атқарады. Бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие, көпшілік елей бермейтін сондай мамандықтардың бірі- бұл токарь мамандығы. Әсіресе ауылдық жерлерде шаруалардың көпшілігі сонау кеңестік заманнан қалған техникаларды пайдаланатындықтан токарларға тәуелді. Өйткені шетелдік ауылшаруашылық техникалары өте қымбат. Ал, кеңестік техникалардың әбден тозығы жеткен, қосалқы бөлшектері табылмайды. Сондықтан шаруалар Созақ ауылының токары Абдушукуров Жасурға жиі келіп тұрады. Олар істен шыққан бөлшектеріне тапсырыс беріп жасатады. Бүгін Жасур інімнің жұмыс жайын бір көрейінші деп барсам әр кездегідей 3-4 тұтынушы тапсырыс беріп, күтіп отыр екен. Олардың пікірлерін білу үшін жайлап сухбатқа тарттым.
Қаракей Амангелді Табылдыұлы:
-Мен Жасур інімнің жұмысына өте ризамын. Қолынан өнері тамған жігіт. Көп жылдардан бермен түрлі техникалық қажеттіліктеріммен жиі келіп тұрамын. Тапсырыстарды сапалы әрі өте ұқыпты істейді. Бүгін токарь ініммен бірігіп, қолдан дискілі шөп оратын агрегат жасау туралы ұсыныс тастап, соны ақылдасып отырмын.
Исмаилов Ералы Сақатайұлы:
Мен де Жасурдың тұрақты тұтынушысымын. Себебі, кеңестік заманнан қалған ГАЗ-53 жүк көлігім және үйде ағаш өңдейтін құрылғым бар. Істен шыққан бөшектерді жондырып аламын. Бүгін мынау коробкамның үзіліп кеткен болттарын жаңасына ауыстыруға келдім. Осындай қолы гүл жігіттің барына шүкір дейміз. Жоқ болса не істер едік?
Ия, бұл бүгінгі қоғамның кейбір әлеуметтік жай-күйі. Жасур ініміз негізі ҚазАтомӨндіріске қарасты Оңтүстік Ыңғай кәсіпорнында вахталық тәртіппен токарь болып қызмет атқарады. Кәсіпорынға резюмемді тастасам, бір күннің ішінде шақырту алдым дейді,-токар жігіт. Мінеки, мамандыққа сұраныс деген осы болса керек! Кейбір мамандық иелері резюме тастап жылдар бойы шақырту алалмайды. Одан басқа демалысқа келген 15 күн ішінде елдің мұқтажын өтейді. Кәсібің-нәсібің,- дегені осы шығар.
Жасур бұл мамандықты 2006-2007 жылдары Созақ ауылындағы №1 колледжде оқып, ұстазы Айтжанов Ортан Төлеуқұлұлы ағамыздан үйренген екен. Мінеки 15 жылдан бері осы кәсіптен тапқан нәпақасының арқасында үйлі-жайлы болып, заманауй көліктерді мініп жақсы өмір сүріп жатыр. Келін де құралақан емес. Өз мамандығы бойынша ауылдық ауруханада медбике болып қызмет атқарады. Шешесі-Клара қарындасымыздың тәрбие мектебінде шыңдалған Венера келініміз үйінің қасынан кіщкене сауда дүңгіршігін ашып, одан да бұйырған тиын-тебенін тауып отыр. Ұйыған отбасы 4 бала тәрбиелеп өсіруде.
Неге мен бұл қарапайым кәсіп иесінің өмірін тәптіштеп жазып отырмын. Себебі, мамандығым педагог-психолог болғандықтан мектепте оқушыларды мамандыққа баулу мәселесімен біршама айналыстым. Сонда бір байқағаным, жастар токарь, автоэлектрик, дәнекерлеуші, қалақшы, сылақшы, евроәрлеуші сияқты қарапайым мамандықтарға қызықпайды. Зор беріп ЖОО-на талпына береді. Білімінің іргетасы соған жараса мықты болса мақұл ғой.. Өкінішке орай көпшілігінде олай емес! Биылғы оқу жылынан бастап мектептерде оқушыларға ертеден кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу және «кәсіби бағдарлаушы педагогі» лауазымын енгізу мәселесі қаралып жатыр екен. Өте құптарлық мәселе! Өзінің қызығушылығына, дарындылығына, бейінділігіне және елдегі сұранысқа қарай мамандықты дұрыс таңдай білуі Жаңа Қазақстанды құрушы өскелең ұрпақтың алдында тұрған өте маңызды мәселелердің бірі! Ал бұл штатты ашу, мектептерде қысқарып кеткен өзін-өзі тану мұғалімдеріне жұмыс тауып беру мәселесін шешу үшін емес, бәлкім кәсіптік бағдар беру мәселесін түсінетін, оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар бере алатын, өмірлік тәжірибесі бар мамандарды тартуымен тиімді болмақ!
Камилжан Рысметов
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Созақ ауылы
Алдыңғы пост

ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВТЕР ОТБАСЫ – ЖЕҢІМПАЗ

Келесі жаңалық

Әйелдерге ақшаны басқару құпияларын үйретті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі