infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

МАҚТААРАЛДА АРЫҚ-АТЫЗДАР МЕН ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ТОҚТАУСЫЗ ТАЗАЛАНУДА

2 февраля, 2023
in Әлеумет
0
МАҚТААРАЛДА АРЫҚ-АТЫЗДАР МЕН ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ТОҚТАУСЫЗ ТАЗАЛАНУДА
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында қыс жылдағыдан қатты болып, қар әдеттегіден екі есе көп түсті. Күннің күрт жылынып, жаңбырдың тоқтаусыз жауу салдарынан кенттер мен елдімекендерде су басу қауіптері жоқ емес. Осыған байланысты аудан әкімінің тапсырмасымен кенттер мен елдімекендерде арық-атыздар мен ирригациялық жүйелерді тоқтаусыз тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда 50 елдімекенде 258 көшенің бойындағы жалпы ұзындығы 21,2 шақырым лотоктар, 127 шақырым арық-атыздар, 32 шақырым қашыртқылар және көпір астындағы құбырлар тазаланды. Сондай-ақ, бұл жұмыстар тоқтаусыз жалғасуда.
Жалпы аудан аумағында су тасқынына алып келетін өзен, көлдер, су қоймалары, гидротехникалық құрылыстар жоқ. Дегенмен, Өзбекстан Республикасы «Сырдария» аумақтық су шаруашылығы бірлестігінің есебіндегі «Достық» магистральды каналы арқылы ауданға ағын су жеткізіледі. Қазіргі таңда каналдың қауіпті болатын авариялық аймақтары жоқ. Соған қарамастан, каналға бақылау бекеттері ұйымдастырылып, диспетчерлік кезекшілік қойылған.
Негізінен, Мақтаарал ауданында жыл сайын ақпан, наурыз айларында жауатын нөсер жаңбыр мен егістік жерлерді қысқы сор шаю жұмыстарын жүргізу салдарынан жерасты суларының деңгейі көтеріледі. Егістік жерлердің қысқы сор шаю жұмыстарының көктемге дейін созылуы, көктемгі жауын-шашынға ұласып, жер астына сіңбей, аумақтардан су тартып шығару қиындап, тұрғын үйлердің аулаларын су басады.
2022 жылы наурызда 1 ай бойы жауған жаңбыр көптеген тұрғындарымызға қолайсыздық тудырған еді. Аталған төтенше жағдай оқиғалары ескеріліп, былтырдан бері Атакент кентінде 4 көшеге жаңадан лотоктар салынды. Аудан көлемінде 160 шақырымға жуық ирригациялық жүйелер және арық-атыздардың арналары тазаланды. Кенттер мен елдімекендердің ішінде орналасқан 38 тік дренаж 100% қосылуға дайын тұр. Сондай-ақ, егістік жерлерде орналасқан 145 тік дренаж да іске қосылуға дайын. Бұдан бөлек, су басу және су тасқыны мерзімінде қажет жағдайда шұғыл жеткізілетін 84 мотопомпалар сақадай сай.
Айта кетейік, кез келген су тасу және авариялық жағдайларға қарсы тиісті техникалар, құрал жабдықтар мен инертті материалдар ретке келтірілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТОЛАССЫЗ ЖАУҒАН ЖАҢБЫРМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАУІП СЕЙІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі