infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Экономика

МАҚТААРАЛДА 200 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ӨСІРІЛДІ

25 июля, 2022
in Экономика
0
МАҚТААРАЛДА 200 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ӨСІРІЛДІ
0
SHARES
34
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында қауын-қарбыз бизнесінің қайнап тұрған кезі. Аудан шаруалары өз өнімдерін еліміздің ішкі нарығымен қатар, экспортқа шығаруда. Күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД, Балтық жағалауы елдеріне, Түркия, Германия, Грекия елдеріне жол тартып жатыр. Аудан әкімі Бақыт Асанов бақшаны ауданда ең көп егетін А.Қалыбеков ауылдық округінде болып, диқандардың жағдайымен және қауын-қарбыз экспортының жұмыс барысымен танысты.

Биыл Мақтаарал диқандары 14607 гектар жерге бақша дақылын еккен. Оның ішінде 3332 гектар жерге пленкалы қауын, 362 гектар жерге пленкалы қарбыз, 10643 гектар жерге ашық қауын және 270 гектар жерге ашық қарбыз егілген. Қазіргі таңда бақшадан жалпы көлемі 200 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өнімі өндіріліп, оның 80%-ы шет мемлекеттерге экспортталды.

«Жиенбет», «Валеть» сияқты сорттары тасымалдауға ыңғайлы. Дәмі тіл үйіретін жаңа сорттардың арқасында соңғы жылдары мақтааралдық диқандар үлкен табыс тауып, Ресей мен Еуропаның нарығына еркін еніп отыр. Сондай-ақ бәсекелестік ортада жерлестеріміз Өзбекстан мен Түркіменстан елдеріне де дес бермей келеді.

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының кіреберісіндегі логистикалық орталық жүк көліктеріне лық толған. Еуропадан және басқа да елдерден келген кәсіпкерлер үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, қонақ үй, кафе, автотұрақ, бассейн кешені, қосалқы бөлшек дүкені және көкөніс сақтау қоймасының қызметтері қарастырылған.

Алдыңғы пост

Қазақстан Президенті мен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері келіссөз жүргізді

Келесі жаңалық

"ТҮРКІСТАН - ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ" АТТЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі