infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН БАСПАНАЛЫ БОЛҒАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ

July 22, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН БАСПАНАЛЫ БОЛҒАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қ.К. Тоқаев биылғы жылға арнаған Жолдауында қарапайым халықтың қамын ойлап, әсіресе, тұрмыс жағдайы бірден үй не пәтер сатып алуға келе бермейтін отбасыларына – көпбалалылар, жастар, жетімдер мен мүмкіндігі шектеулілерді, тұрмыс деңгейлері төмендерді мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспанамен қамтамасыз етуге көңіл бөлуді тапсырған еді.
Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері тұрғын үй кезегіне 2581 азамат тіркелген. Қазіргі таңда, қалада жалпы саны 44 850 азамат тұрғын үй алу тізімінде кезекте тұр. Ал жыл басында бұл көрсеткіш 42 269-ды құраған болатын. Яғни ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғын үй кезегіне тіркелушілер саны едәуір артып отыр.
Тұрғын үй кезегінде тұрған 44 850 азаматтың ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша — 1 727, көпбалалы отбасылар — 8 093, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы — 15 311, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер — 19 692, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар саны 27-ні құрайды.
Биылғы жылдың сәуір айында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған 161 азаматқа сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер қолданысқа берілсе, мамыр айында өткізілген комиссия отырысының хаттамасына сәйкес 147 азамат арендалық пәтерге қол жеткізді.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта 369 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарлануда. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтар қатары бар.
Ал несиелік бағытта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңға дейін тұрғын үй мәмілелерін жасап, баспаналы болған азаматтар саны 1693-ке жетті. Оның ішінде «Отбасы банк» тарапынан кредиттік тұрғын үй бағыты «5-20-25» бойынша 679 азамат тұрғын үймен қамтылған болса, оның 291-і тұрғын үй кезегінде тіркелгендер қатарында.

Алдыңғы пост

ЕЛІМІЗДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫН ҚОЛДАУ БОЙЫНША БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Келесі жаңалық

«ТАСКЕН» ЕЛДІ МЕКЕНІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

July 2022
M T W T F S S
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Jun    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі