infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

29 июня, 2022
in Әлеумет
0
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
0
SHARES
52
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев пен қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, ақпараттық саясат және оны дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

«Әкімнің орынбасары болып қызметке келгеніме көп болмады. Жауапты жұмысқа кіріскелі өздеріңіз жақсы білесіздер еліміз үшін маңызды жайттың орын алғанын. Ол Ата Заңға түзетулер енгізуге байланысты болды. Өзгерістерді халық талқылауына салып референдум өтті. Сол шараға атсалыстық. Түркістандықтардың референдумды қолдауы мен дауыс беруге көптеп келуі бізді қатты қуантты. Ел болашағына бей жай қарамайтын жандардың көптігі қуантады. Міне, бүгін сіздермен жүздесудің сәті түсіп отыр. Мерекелеріңіз құтты болсын. Қала көлемінде ақпараттық қолдау көрсетіп халық пен билік арасындағы алтын көпір болған сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Қандай да бір ұсыныс пен пікірлеріңіз болса ортаға салсаңыздар болады», деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев.

Кәсіби мерекеге орайластырылған басқосуда аға буын ардагерлер жұмысты жетілдіру, ортақ мақсатқа жұмылу жайын қозғады. Сонымен қатар, арнайы клуб ашып, жүйелі кездесулер ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Ақпарат саласының өкілдері қызмет барысында кездесетін жағдайларды тілге тиек етіп, байланысты нығайту шаралары бойынша тілектерін ортаға салды.

 

«Түркістан» газетінің құрылтайшысы Мәлік Дәулетов сөз алып, дөңгелек үстелге келген БАҚ өкілдерін жекелей таныстырды. Өз кезегінде сөз алған ардагер журналист Роза Нарымбетова әріптестерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Бұл басқосуға байқаусызда келдім. Берекелі кездесу болсын. Көптен көрмеген әріптестерді көріп марқайып қалдық. Осы орайда өз ұсынысымды жеткізгім келіп отыр. Ардагерлер мен жас журналистер басы тоғысатын бір қоғамдық ұйым керек сияқты. Қайық білмегенін кемеден, халық білмегенін көнеден сұрайды демеуші ме еді. Пікір мен тәжірибе алмасып ұсыныс пен талап-тілекті билікке еркін жеткізетін орта болса екен», — деді ардагер журналист Роза Нарымбетова.

 

Ерлан Бақытжанұлы көтерілген мәселелердің назарға алынатынын, Түркістанды дамыту жолында әр ұсыныстың маңызы барын атап өтіп, жиналысқа қатысушыларды мерекемен құттықтады. Қала әкімінің ізгі ниетін жеткізіп, БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетті.

Алдыңғы пост

Қырғызстанның экс-президенті ақталып шықты

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА 2299 ТҰРҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі