infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

МУЗЕЙ – ТӘРБИЕ МЕКЕНІ

October 9, 2022
in Әлеумет
0
ТҮРКІНІҢ  ТӨРІ ТАҢҒАЖАЙЫП ҚАРҚЫНМЕН ҚАРЫШТАП ДАМЫП КЕЛЕДІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін шаруа. Жас ұрпақты ұлттық мақтаныш пен ұлттық патриотизм рухына қалай тәрбиелесек, еліміздің халқымыздың болашағы да солай айқын көрінеді. Ұлттық тәрбие біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттаушымыз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат етіп өсіруіміз керек. Сондықтан жастарды толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор. Ұлттық құндылықтарға әр халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық, рухани және мәдени құндылықтары жатады. Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер – рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі – материалды құндылықтарға жатады. Музей – осы материалды құндылықтарды сақтаушы және насихаттаушы мекеме болып табылады. Музейдің негізгі жұмысы тарих арқылы тарихи-мәдени ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани, адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады. Музейге келген жастар музейден өздеріне қажетті ақпарат алып, білімдерін толықтырады, рухани қуат алады. Орталығымыздың әрбір экспозициясы тарихтан сыр шертеді. Демек, музей – өскелең ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттырып, елін сүюге тәрбиелейтін бірден-бір құрал екені сөзсіз.

Қаламыздағы «Ұлы Дала Елі орталығы» осы күнге дейін қалалық мектептермен тығыз байланыста болып көптеген іс-шаралар ұйымдастырды. Түрлі тақырыптарда танымдық көрмелер мен іс-шаралар өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен қаншама қонақтар келіп орталығымызды тамашалағанын мақтанышпен айта аламыз. Жаңа оқу жылында да барлық мектептермен тығыз жұмыс жасап, түрлі шаралар ұйымдастыруға дайынбыз. Құрметті ұстаздар, ата-аналар жаңа оқу жылы құтты болсын! Еліміздің болашағы жастарды тәрбиелеуде атқарып жатқан істеріңіз берекелі болып, білім нәрімен сусындатқан жастарымыз егеменді еліміздің білікті де білгір азаматтары болып өссін!

Роза НЫШАНБАЕВА,

«Ұлы Дала Елі орталығы» қызметкері.

Алдыңғы пост

МУЗЕЙ ТАРИХЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ОРДАСЫ

Келесі жаңалық

Н.Қожақов: «ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ҰТЫМДЫ ШАРАЛАР АТҚАРЫЛУДА»

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі