infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Uncategorized

МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ШИПАЖАЙДА ТЕГІН ЕМ ҚАБЫЛДАДЫ

June 1, 2021
in Uncategorized
0
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласының 1000-ға жуық азаматы жыл басынан бері еліміздің түрлі шипажайларында тегін емделді. Оның ішінде 736 жолдама зейнет жасындағыларға, 393 жолдама мүгедектігі бар азаматтарға берілген.
Бүгінде тағы 4 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жолдама беру жоспарлануда. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.
Биыл қаңтар айынан бастап «Әлеуметтік портал» арқылы мүгедектігі бар азаматтар үйінде отырып-ақ өз таңдауы бойынша қалаған шипажайына тегін жолдама ала алады. Айта кетейік, мүгедек азаматтың жеке оңалту бағдарламасында санаторлық-курорттық емделу болған жағдайда ғана 14 күн тегін ем қабылдайды.
Басқарманың мәліметінше, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және оларға теңестірілген азаматтарға, тыл ардагерлеріне, зейнет жасындағы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері шипажайда қызмет түрін 100 пайыз тегін алады. Ал зейнет жасындағы азаматтарға жолдама құнының 50 пайызын төлеумен беріледі. Яғни, мемлекет тарапынан 6 күн тегін қызмет алып, ұнаған жағдайда қалған 6 күннің ақысын өз қалтасынан төлеп шипажайда қалса болады.
Биыл Шымкент қаласында орналасқан «Денсаулық» шипажайы мен Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» және Тараз қаласындағы «Айша бибі» шипажайлары қызмет көрсетуде. Шипажайлардағы ем-дом жұмыстары мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылады. Ол үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, С.Бәйтереков көшесі 89, мекенжайы бойынша өтінім қалдыру керек. Жолдама кезек бойынша таратылады. Кезекке тұру үшін жеке куәлігі мен 068 нысанындағы анықтама қажет.
Возможно, это изображение (водоем)
Алдыңғы пост

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН БЕРІЛГЕН 83 ПӘТЕР ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛДІ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі