infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық барысы туралы айтты

August 29, 2022
in Әлеумет
0
Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық барысы туралы айтты
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев отандық телеарналарға сұхбат берді. Сұхбатта ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің маңызы туралы айтып, биылғы форумның жаңа геосаяси ахуалдағы ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталды.

Мәулен Әшімбаев Дін лидерлерінің Съезін шақыру Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ортақ күш-жігерді біріктіруге деген ұмтылысынан туындағанын атап өтті. Сондай-ақ ол сол кезеңде Съезд Хатшылығының басшысы ретінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев форумды өткізудің бастауында тұрғанын айтты. Сенат Спикері әлемдік қоғамдастықтың форумға деген қызығушылығының артуы оның қазақстандық сыртқы саясаттың қажеттілігі мен тиімділігін баса көрсетіп отырғанын да тілге тиек етті.

«Алғашқы Съезд 2003 жылы өткізілді. Оған 17 діни ұйымның, оның ішінде әлемдік діндердің лидерлері мен өкілдері келді. Содан бері арада 20 жыл және 6 Съезд өтті. Әр Съезд әлемде диалог мәдениетін тарату, өзара түсіністіктікті арттыру, әлемдік және дәстүрлі діндерді жақындастыру, рухани көшбасшылардың адамзат дамуының өзекті проблемалары бойынша бірыңғай ұстанымды әзірлеуі тұрғысынан маңызды рөл атқарды», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы осы жылдар ішінде сыртқы сын-қатерлерге бірлесіп жауап іздеу және әлемдік діндер арасында өзара іс-қимыл үрдісі кеңінен байқалып отырғанына назар аударды. Сонымен қатар, соңғы жылдары рухани көшбасшылар ымыралы шешімдер мен ынтымақтастықтың ортақ платформасын іздеудің үлгісін көрсетті. Осы ретте форум мәдениеттер мен өркениеттер арасында көпір қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл Қазақстанның негізгі тарихи миссияларының бірі.

«Біздің халқымыз ежелден ашықтық, бейбітшілікке төзімділік қағидаларын ұстанған. Біз әрқашан басқа діндерге құрметпен қарап келеміз. Ашықтық және толеранттылық мәдениеті белгілі бір дәрежеде біздің тарихымыздың, географиямыздың және шексіз даламыздың көрінісіндей. Дәл осындай құндылықтар біздің ұлттық кодымыздың маңызды бөлігін құрайды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан этникааралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісін қалыптастырды. Ол уақыт сынынан өтіп, өзінің тұрақтылығы мен келешегі зор екенін көрсете алды», – деді Мәулен Әшімбаев.

Съезд Хатшылығының басшысы алдағы форумның бірегейлігі туралы да сөз қозғады. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, VII Съезд дін лидерлерінің қатысуы тұрғысынан мәртебесі жоғары болмақ. Биыл форумға Съезд тарихында алғаш рет Рим Папасы қатысады. Жоғары мәртебелі меймандардың қатарында әл-Азхардың Бас имамы шейх Ахмед ат-Тайеб, иудаизм мен буддизмнің лидерлері, даосизм, синтоизм және басқа діндердің өкілдері бар.

«Қазіргі таңда 100-ден астам дін лидерлері мен діни ұйымдардың басшылары өздерінің қатысатынын растады. Бұдан басқа, жетінші Съезд кезінде әлемнің көптеген елдері мен әлеуметтік топтар үшін өзекті мәселелер көтеріледі. Атап айтқанда, радикализмді, сенімсіздікті, ксенофобияны еңсеру жолында білім беру мен діни ағартуды дамытуға, әр діннің бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді қозғайтын секциялық отырыстар болады. Секциялық отырыста әйелдердің отбасы мен қоғамдағы мәртебесін нығайтудағы қазіргі діни ұйымдардың рөлі туралы мәселе де сөз болады. Сондықтан бұл Съезден әлемдік қоғамдастық, әлемдік БАҚ үлкен үміт күтіп отыр», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сол кезде қабылданатын қорытынды құжат – VII Съезд декларациясы Съезд жұмысының нәтижесі болмақ. Онда әлемдік діндер лидерлері неғұрлым көкейтесті әлемдік проблемаларды шешудің маңыздылығы туралы өз пікірлерін білдіреді. Олардың ішінде геосаяси шиеленістер мен қақтығыстарға байланысты түйткілдер, әлеуметтік проблемалар және басқа да мәселелер бар. Декларация БҰҰ-ның ресми құжаты ретінде таратылады.

Осылайша, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі өркениетаралық диалогты қамтамасыз етуге және бейбітшілікті, елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосады. Сондай-ақ жалпы әлемдік проблемаларды еңсеруге жол ашады.

Форум жұмысына рухани лидерлермен бірге БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИСЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ, Дүниежүзілік ислам лигасы және басқа да халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады.

Алдыңғы пост

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті

Келесі жаңалық

ЖІӨ өсімі және инфляцияны төмендету: Үкімет 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі