infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

М.З. Қажыкенді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат  ретінде тіркеу мәселесі бойынша Ортсайлауком отырысы өтті

October 16, 2022
in Әлеумет
0
М.З. Қажыкенді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат   ретінде тіркеу мәселесі бойынша Ортсайлауком отырысы өтті
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылғы 15 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен  Мейрам Зекешұлы Кажыкенді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі  Шавқат Өтемісов баяндама жасады. Ол 2022 жылдың 4 қазанында Орталық сайлау комиссиясына «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі М.З. Қажыкенді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттарды ұсынғанын хабарлады. Орталық сайлау комиссиясына кандидатты тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынылды:

– Президенттікке кандидат М.З.Қажыкеннің және оның зайыбының активтер мен міндеттемелер жөнінде декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

– Президенттікке кандидат М.З. Қажыкеннің оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытындысы;

– облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидат М.З. Қажыкенді қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары.

Осы хаттамаларға сәйкес Президенттікке кандидат М.З. Қажыкеннің қолдауына Қазақстанның 14 өңіріндегі 122 184 азаматтың қолы жиналды. Тексеру нәтижесінде 120 055 қолдың дұрыстығы анықталды, яғни қажетті саны, кемінде 1% немесе 118 273 қамтамасыз етілді.

М.З. Қажыкенді Президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.

ҚР ОСК қаулысымен Мейрам Зекешұлы Кажыкен 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып тіркелді, оған тиісті куәлік берілді.

Орталық сайлау комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен М.З. Қажыкеннің брифингі өтті.

Алдыңғы пост

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ӨЗІҢІЗДІҢ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ АНЫҚТАП АЛЫҢЫЗ!

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі