infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қазақстан

Назарбаеваның утиль алымды әлі күнге дейін басқарып жүргені рас па?

10 августа, 2022
in Қазақстан
0
Назарбаеваның утиль алымды әлі күнге дейін басқарып жүргені рас па?
0
SHARES
72
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева әлі күнге дейін утиль алымнан үлес алып отырған көрінеді. Бұдан бөлек ол Қазақстандағы қоқыс жинаумен әрі өңдеумен айналысатын компаниялардың қожайыны. Бұл туралы «Гиперборей» арнасына берген сұхбатында белгілі журналист Дмитрий Шишкин айтты, деп хабарлайды Infonews.kz сайты Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

Әріптесіміздің айтуынша, Жаңа Қазақстан орнай сала утиль алымды алып тастауды талап еткен белсенділердің әрекеті зая кеткен.

Әлия Назарбаева әрбір утильденген көліктен өзінің «Жасыл даму» компаниясы арқылы 130 мың теңге табыс тауып отыр. Қаңтар қырғынынан кейін утиль алымға бақылау жүргізетін пәрменінен айырылған Назарбаева көлікті утилизациялау механизмі мен оны әрі қарай темір-терсекке өткізудегі ықпалын сақтап қалған.

«Ол елдегі полигондарды, қоқыс өңдейтін зауыттарды уыстан шығармай ұстап отыр. Алысқа бармай-ақ, Астананы мысалға алайықшы. Елордадағы қоқыс өңдеу саласын Назарбаеваға тиесілі Green Future Managеment компания меншіктеп алған.

Әлия осы компанияның жалғыз құрылтайшысы. Green Future -ден тарайтын тағы сегіз компания бар. Олар да Елбасының қызына тиесілі. Бұлар Қазақстандағы қоқыспен байланысты барлық жұмысты атқарады. Қоқысты жинау, өңдеу, қоқыс таситын полигондарына дейін бар. Назарбаева тек Нұр-Сұлтан қаласымен ғана шектелмеген. Астанадан тыс жерде, өзге өңірлерде де оған тиесілі компаниялар жетіп артылады», – дейді Шишкин.

Бұдан бөлек Елбасының ерке қызы өзіне қарасты қор арқылы «Халықаралық жасыл технологиялар орталығын» су тегінге (5 млн теңге, ред.) сатып алған. Әріптесіміздің айтуынша орталықты «асырауға» мемлекет есебінен соңғы екі жылда 1 млрд. 600 млн теңге бөлінген.

«Екі жылдың ішінде ұйымның бітірген ісі шамалы. Орталық мамандары болашақ ұрпаққа арнап экологияға қатысты баяндамалар әзірлеген», – дейді Шишкин.

Tags: утиль алымүлесӘлия Назарбаева
Алдыңғы пост

Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының басшысымен кездеспек

Келесі жаңалық

Сапарбаев қазір немен айналысып жүр?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі