infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қазақстан

Назарбаев референдумнан соң қайда кетті? – депутат жауап берді (видео)

June 10, 2022
in Қазақстан
0
Назарбаев референдумнан соң қайда кетті? – депутат жауап берді (видео)
0
SHARES
111
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым Назарбаев әулеті, референдумнан кейінгі өзгерістер, суперпрезиденттік жүйеден бас  тарту туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Infonews.kz сайты. 

Депутат референдум ойдағыдай өткенін айтты. Айдос Сарымның пікірінше, референдумға көпшілік өз еркімен дауыс берген.

– «Референдум ойлағандай өтті деп ойлаймын. Өтірік дауыс беру туралы көп дерек жоқ. Бірінші күні прокуратураға 7 шағым түскен, бір облыстан бесеу, басқа жақтан екеу деген сияқты. Бұрынғыдай 1500 адамды залға жинап, әңгіме айту деген болған жоқ. Жалпы Мәжіліс депутаттары күніне 500-ден астам жиын өткізіп тұрды. Көпшілік елдің жақсы жаққа өзгергенін қалайтынын айтып, ұнасын, ұнамасын дауыс беруге барамыз деді. Екінші мәселе, бұл Конституциялық өзгерістерді парламентте де қабылдауға болатын. Меніңше, президентке керегі екінші Республика деген концепция», – деді ол.

Сондай-ақ, депутат Назарбаев әулетінің қайда екенін айтып, экс-президенттің не үшін референдумға дауыс беруге келгенін жеткізді.

«Қазақстаннан шыққан үш мыңнан астам адам Дубайдағы1 млрд доллардың мүлкін иеленіп отыр деді. Бізде миллиардерлерге қызмет ететін пысықайлар бар. Сол сияқтылар шығар азаматтық алған. Назарбаев әулетінің біразы Дубайда жүр. Шәріпбаевтың, Сатыбалдының әңгімесі бар. Естуімше, «Самат Әбішке ордер беріліпті» деген әңгіме бар. Әрине, бір-екі туыстарың қылмысты болса, мүлкі тәркіленсе ұнамайды ғой. Олар да ойланып, күдіктенеді. Нұрсұлтан Назарбаевқа Конституциядан Елбасы атағын алып тастағаны жүрегіне бататын шығар. Бірақ біреуге ұнасын, ұнамасын бір сөз айтайын. Нұсрұлтан Назарбаев – Қазақстан тарихының мызғымас бір бөлігі. Осы мемлекет қалатын болса Назарбаевтың аты аталады. Саясат деген ақ пен қараның қақтығысы емес, әлем түрлі-түсті», – деді Сарым.

Tags: АйдосЕлбасыНазарбаевреферендумСарым
Алдыңғы пост

Жұмағұлов соңғы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Келесі жаңалық

Тоқаев алдағы 4 күнде қайда барады?

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі