infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ОРДАБАСЫДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 37 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

June 15, 2022
in Әлеумет
0
ОРДАБАСЫДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 37 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Ордабасы ауданы тұрғындарымен кездесу іссапары «QazGarden» ЖШС-нің қарқынды бауынан басталды. Мұнда Ордабасы ауданының тауарөндірушілері мен шаруаларының өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы техникаларынан бастап, көкөніс, жеміс-жидек, бидай, ұн, балық, қымыз және өзге де өнімдер жұртшылық назарына ұсынылған.

Өңір басшысы қарқынды баудың жұмысымен танысты. Тамшылатып суғару технологиясын қолданып, 60 гектарға алма, шабдалы, өрік бауын өсіріп отырған кәсіпкер Мәди Есқараевтің жұмысын жоғары бағалады. Осы баудың басында бір топ тұрғынмен, шаруамен, кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды батыл енгізу мәселесі сөз болды.

– Түркістан облысында барлық сала бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Экономика тұрақты. Біздің өңірдің басты артықшылығы — климатында. Ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Бір жылда 2-3 өнім алуға басымдық беру керек. Қазіргі таңда суды үнемдеу өте маңызды. Тамшылатып және жаңбырлатып суғару технологиясын ендіріп жатырмыз. Бұл ауданда да соған басымдық берілуі тиіс – деген Өмірзақ Шөкеев шаруаларды несиелендіру, аудандағы заманауи жеміс-жидек қоймасына тиісті қолдау көрсету және каналдарды жөндеу бағытындағы сұрақтарға жауап берді. Жауапты тұлғаларға шаруаларға несиені жылдам әрі уақтылы беруді тапсырды.

Одан кейін облыс әкімі Темірландағы орталық алаңда тұрғындардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдады.

— Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси реформалар жүріп жатыр. Референдум өткізілді. Түркістан жұртшылығы өте белсенді қатысып, республикада көш бастады. Елге ең алдымен тыныштық, бірлік, жұмыс, қажет. Біз осы бағытта жұмыс атқарып жатырмыз. Ауданда мұнай өңдеу зауыты ашылады. Ол өңір экономикасына оң серпін береді, — деді облыс әкімі.

Кездесуде тұрғындар тарапынан Бөген ауыл округі, Кемер ауылындағы мектептің оқушылар тасымалына жаңа автобус алып беру, Бадам ауыл округі, Қарабастау елді мекеніне ауыз су құрылысы жүргізу, Шұбарсу ауылында халықтың көбеюіне байланысты ауыл ішінде жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері көтерілді. Сонымен бірге Қараспанға медициналық ғимарат салу, газбен қамту, кәсіпорындар ашу, жайылым, каналдарды тазалау, Шұбарсу ауылына мектеп салу және өзге де мәселелер жөнінде өтініштерін жеткізді. Облыс әкімі Шұбарсуда биыл 3 жекеменшік мектеп берілетінін, 2023 жылы да мектептер ашылатынын айтты. Сондай-ақ осы ауылды газбен қамту, инфрақұрылымын дамыту жалғасады. Биылғы жаңа оқу жылына облыстық бюджеттен Ордабасы ауданына 15 жаңа автобус берілетін болады, соның ішінен Бөген ауылдық округіне бір автобус бөлінеді.

Осы және өзге де өтініштерге жауап берген Өмірзақ Шөкеев кездесуден кейін бір топ тұрғынды өтініштері бойынша жеке қабылдады.

2021 жылы ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,7 млрд. теңгені, инвестиция көлемі 23,2 млрд. теңгені құрады. Биыл ауданда «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 363,7 гектар жерде 109 жоба іске асырылып, бірінші өнім жиналуда. Ордабасыда құрылыс жұмыстарының көлемі 8,7 млрд. теңгені құрап, бір жылда 27 мың шаршы метр үй берілді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 12 елді мекенде 37 жоба іске асырылды Төрткөл елді мекенінде спорт кешені салынды. 11 елді мекенде 77,1 шақырым болатын 36 көшеге асфальт төселді. 2 мектеп пайдалануға берілді. Биыл 3 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. 2021 жылы 6 елді мекен ауыз су жүйелерімен қамту жұмыстары жүріп, нәтижесінде Нұра, Кемер елді мекендері ауыз су жүйелерімен қамтылды.

Алдыңғы пост

Сарыағаштық диқандар бидай ору науқанын бастап кетті   

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ ӨСІП КЕЛЕДІ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі