infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Экономика

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҮЙІРГЕЛІК ЖЕР ҮЛЕСІ АРТАДЫ

13 июля, 2022
in Экономика, Әлеумет
0
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҮЙІРГЕЛІК ЖЕР ҮЛЕСІ АРТАДЫ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында үйіргелік жерлердің үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүзеге асып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс барысы Ордабасы ауданында да қарқынды. Ауданға қарасты ауылда ауыл шаруашылық саласында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Әсіресе «Бір алқаптан екі өнім алу» жобасы бойынша 12 шаруа қожалық иелері 42 га жерге көкөніс, бақша, жүгері дақылдарын егіп, бірінші өнімен 310 тонна өнім алды.
Алда жылыжай көлемін қосымша 3,5 га ұлғайту көзделіп, ауыл шаруашылығы техникаларын қосымша 7 данаға арттыру көзделуде. Мұнан бөлек, өткен 6 айда «Бакдаулет 7» ӨК инвестициялық құны 145 млн. теңге құрайтын, 2 жаңа жұмыс орнымен мал бордақылау алаңы іске қосылды.
Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаевтың ауылдық округтердегі есепті кездесуі Қараспан ауылында жалғасын тапты. Кездесуде аудан басшысы жарты жылдық жұмыстар жөнінде ауыл тұрғындарына баяндады.
Жыл соңына дейін жалпы құны 170 млн. теңгені құрайтын тағы 2 кәсіпкерлік нысан ашылады деп жоспарлануда.
Аудандағы ішкі орамдық көшелерге жол салу жұмыстары жүргізілуде. Қараспан, Мәдениет, Берген ауылдарында спорт алаңшасы мен орталық қақпа салынбақ.
Төреарық, Мақташы, Батыр ата, Көлтоған, Бейсен, Берген, Ақжол ауылдарына газ тарту жұмыстары да кестеге сай жүргізілмек. Нысан 2023 жылға өтпелі. Қараспан ауыл округі бойынша 14 елді мекеннің 7-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда Сарыарық, Бейсен-Мақташы, Қараспан үш елді мекеннің ауыз су құрылыс жұмыстары жүргілуде. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Электр желісін жаңарту жұмыстары да қарқынды.
Былтыр құрылысы басталған Мақташы ауылындағы З.Исабеков атындағы жалпы орта мектебінің 200 орындық құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Көлтоған ауылындағы Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіледі. Ал, «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында Көлтоған Төреарық елді мекендерінен ФАП салу бойынша қазіргі таңда МСА рәсімдері жүргзіліп, мердігер мекеме «AR Kua Group» ЖШС болып анықталды, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Айта кетерлігі, биыл ортақ жайылымдық жерлер көлемі тапшы Қараспан ауыл округі бойынша жалпы көлемі 1 649,3 гектар ортақ жайылымдық жерлер бекітіліп берілген. Қосымша 3 206 гектар жайылымдық жерді аудандық қорға қайтарып, ортақ жайылымға бекіту жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН СУБСИДИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

Саясат Нұрбек: «Елімізге білім алу үшін келетін ресейліктер саны күрт артуы мүмкін»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі