ОРДАБАСЫ: ӘБДІКӘРІМ АХМЕТОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

0
18


Ақын, аудармашы Әбдікәрім Ахметовтың туғанына 100 жыл толуына орай оқырмандарға қаламгердің өнегелі өмір жолы мен шығармаларын таныстыру, ақынның әдеби мұрасына кітапсүйер қауымның назарын аудару, сондай-ақ рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру мақсатында аудандық орталық кітапханада «Ақиық ақын» атты әдеби кеш өткізілді.
Әбдікәрім Ахметов 1924 жылы 15 маусымда Көктөбе деген ауылында туған. Орта мектептен кейін Жосалы темір жол зауытында темір ұстасының балғашысы, аудандық қаржы бөлімінде есепшікассир болып қызмет істейді. Лепсі педагогикалық училищесін бітірген. Алматыдағы Жоғары партия мектебінде оқыған. Ұзақ жылдар (1943–1950) әскер қатарында қызмет еткен ол, әуелі қатардағы жауынгер, кіші командир болды. 1946 жылы Харьковтың әскеримедициналық училищесін бітірген соң, Германиядағы кеңестік қарулы күштер сапында, шекара округінде офицерлік қызмет атқарады. Елге оралған соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), Павлодар облыстық «Қызыл ту» газеттерінде, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан және Семей облыстарындағы бөлімшелерінде, көркем әдебиет баспасында істейді. Көп жыл бойы «Жазушы» баспасында аға редактор болды. Бірнеше жауынгерлікәскери медальдармен марапатталып, Баспа озаты деген құрметті атақ берілген. Л.Украинканың, С.Маршактың, Э.Межелайтистің, Г.Зелинскийдің, В.Федоровтың, Ю.Тувимнің шығармаларын аударған. 1973 жылы қарақалпақ әдебиетінің классигі Бердақ ақынның таңдамалы толғаулары мен дастанын қысқаша жырлап, жеке кітап етіп шығарды. Шығармалары: Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; Халықбек. Ертегі. А., ҚМКӘБ, 1953; Екінші дәптер. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1955; Нан туралы сөз. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1957; Өшпеген жалын. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1959; Телефон. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1961; Толқындағы өмір. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1962; Салқын самал. Өлеңдер А., «Жазушы», 1966; Көктөбе. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Ашық аспан. Өлеңдер, ертегілер және поэмалар. А., «Жазушы», 1971; Жерұйық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Тыраутырау тырналар. Өлеңдер, ертегіаңыздар және поэма. А., «Жазушы», 1974; Маржандария. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976; Жапырақ жарған шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Кеш жарық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Көзайым. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1982; Зейнет. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1984.
Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. Ақын ұғымының жырау, жыршы, өлеңші сияқты ұғымдардан ауқымы кең, ол солардың бәрін қамтиды. Ауыз әдебиетінде ақын өлең, жыр-дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған. Халықтың сөз өнерінде ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша шынайы ақындар өлеңді табан астында суырып салып айтқан. Ондай жағдайда өлеңді, жырды домбыра немесе қобыз сияқты музыка аспаптарына қосылып орындаған. Оларды халық әдебиетінің дәстүрлерін сақтайды деген мағынада біздің заманымызда “халық ақыны” деп атайтын болды. Қазақ халқының Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен Әзірбаев т.б. ақындары көптеген мұра қалдырған. Олар жыршылық өнерді де меңгеріп, кейде ұзақ дастан-жырларды жатқа айтқан. Мұндай ақындар тек қазақ халқында ғана емес, туысқан қырғыз, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Ақын деп жазба әдебиетінің өкілін де атайды. Бірақ мұндағы ақынның тұлғасы мүлде басқа. Жазба әдебиет өкілдерін алсақ, бұлардың өмір шындығын бейнелеу әдісі, көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанрлары, стиль, тіл өзгешелігі қай жағынан да жаңа, соны қасиет-сипаттар мол. Қазақ әдебиетінде жазба әдебиетінің дәстүрін жан-жақты қалыптастырып дамытуға Абайдан бастап, С. Торайғыров, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров сияқты көптеген ақындар өз үлесін қосқан. Сөйтіп, ақын деген сөздің мағынасы өте кең, ол поэзиядағы әр түрлі тарихи кезеңдердегі, әр қилы дарын иелерін қамтиды. Соларды үлкен екі топқа бөліп, жырау, жыршы, термешілерді, өлең-жырды ауызша шығаратын, ауызша (домбырамен) суырып салып айтатын ақпа ақын сөз зергерлерін жинақтап жыршы ақын деп атауға болады. Сонда оларды жазба әдебиетінің өкілі жазушы ақыннан бөліп алып, өз алдына бөлекше шығармашылық тұлға ретінде қарауға мүмкіндік туады. Ауызекі тілде әнші ақындар, айтыскер ақын т.б. деп бөлу де қалыптасқан.
Ақындық өнер – сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі, ұлттық әдебиеттегі сезім мен сырға толы тамаша поэтик, дәстүр мен ақын шабытының астаса келіп, өлең құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі. Қай әдебиетте де поэзияға айрықша орын берілген. Ежелден-ақ қазақ халқы да өлең сөздің қасиетіне бас иіп, оны өнер атаулының ең биік шыңына балаган. Халқымыздың бүкіл тұрмыс-тіршілігі, болмыс-бітімін өлең сөзбен астасып жатыр. Абай өлеңдерінде ақындық өнердің, өлең сөздің құдіретіне соншалық мән берілуі осының айғағы. Өлең ақынның кеудесін кернеп, жүрегін тербеген қуатты ойдың жемісі, ойды сырттай сұлу етіп өрнектеп, көркемдеп жеткізу үшін ақындық шеберлік, шалқар шабыт қажет. Абай поэзиясында өлең сөзге, ақындық өнерге аса жоғары баға беріледі. Өзінің «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…», «Біреудің кісісі өлсе, каралы – ол…», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» деген өлеңдерінде ақын сөз өнерінің қадір-қасиетін, өлеңнің адамның сезімі мен қоғамдағы жағдайын бейнелеудегі қызметін, жалпы ақындық өнерге қойылар талаптар мен өлшемдерді үнемі алға тартып отырады. Ол шын мәніндегі өлең сөздің мақсатын нысана тұтқан, азаматтығы пендешіліктен жоғары тұратын ақынның ғана көкірегінен шыға алатын ғажайып құбылыс екенін айтады. Реалистік поэзияны қалыптастыру жолындағы ақындық мұратын білдіреді. Абайдың өлеңге, ақындық өнерге қоятын талабы аса биік. Ол, ең алдымен, өлеңнің көркемдік сапасына зер салады. Поэзиялық туындының сыртқы пішініне ішкі мазмұны сай келуін, «іші алтын, сырты күміс» болып, «тілге жеңіл, жүрекке жылы» тиюін қалайды. Өлең тілінің кіршіксіз таза болуын, бөтен сөзбен былғанбауын талап етеді. Осы орайда өзінің алдында өткен кей ақындарды сынға алады. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп, қазақ ішінде ақындардың көп екенін айта тұрып, «Сонда да солардың бар таңдамасы» деп, шын талантты танып, қастерлей білу қажеттігін ескертеді. Өлеңді жеке бастың пайдасы үшін жұмсап, еріккеннің ермегіне айналдырмау керектігін айтып, ақындар алдына биік талап қояды. Сол арқылы ұлы ақын өлең сөзге, ақындық өнерге деген эстетик, талаптың деңгейін барынша көтере түседі.
Екі ауыз сөздің басын құрап, әйтеуір ұйқастырған адамның бәрі ақын болып кетті қазір. Бұл ащы болса да шындық. Әдебиеттің маңайында жүрген жандар ғана бұл сөздің қадіріне жететін сияқты деп ойлап қаласың. Халыққа шөп те өлең, шөгір де өлең. Басым көпшілігі өлеңді саралап жатпайды. Тіпті газет бетіне құттықтау жазатын адамды да ақын санайды оларға салсаңыз. «Ақын» деген сөздің қадір-қасиеті қашып бара жатқан сияқты. Жалпы «ақын» деген сөзге анықтама берудің өзі қиын.
Бұл сөз жалпақ жұрттың бәріне түсінікті десем артық айтқандығым емес. Біз осы мақаламызда қадари халіміз жеткенінше ақындар туралы айтпақпыз. Олардың өлеңдеріне, ақындық болмыстарына сонымен қатар жырларындағы кейіпкерлеріне де тоқталып өтпекпіз. Қазақ көне заманнан сөзге шешен халық. Бұрындағы ата-бабаларымыздың көбісі өз жанынан суырып өлең айта алатын болған. Ал, қазіргі жағдай мүлдем басқа. Ондай жандар қазір өте сирек кездеседі десек те болады. Қазақ халқы ақынға кенде болмаған. Құдайға шүкір, аузы дуалы ақындарды Тәңіріміз аямай берген. Тек талантарымызды бағалай білсек екен. Тірісінде ақындарының қадіріне жетпей, өлгеннен кейін қабіріне гүл қоятын да біздің халық. Ақындық ғұмыр өте қысқа болады. Алла тағала талант бергенде жазып қалу керек. Ақындар өздеріне берілген аз ғана уақытты пайдаланып қалуы тиіс. Күнде ертеңге салса, ол ақыннан жөні түзу оқитын өлең қалмасы анық. Біреулер шабытым келгенде жазамын деп жатады. Осы шабыттың не нәрсе екенін ашып айтып жатырған ешкім жоқ. Оған бастарын да ауыртпайды. Біреулері өлеңді жаз айында жазса, енді біреулерінің шабыты қара түнде шабады екен. Басқа бір ақындар қақаған қыста я болмаса күздің соңғы айларында жазатын көрінеді. Әйтеуір әркім сан-саққа жүгіртеді. Түсініп болмайсың. Шабыт деген нәрсенің барына күмәнмен қарайтындар да бар. Солардың бірі Қадыр Мырза Әлі атамыз. Ол кісі: «Шабыттың не екенін білмеймін, ол өзі қашан келетін нәрсе. Мен өлеңдерімді шабытпен жазған емеспін. Шабытты күтіп отырсам бұндай жырлар жаза алмаған болар едім. Менің өлеңдерімнің барлығы да еңбекпен, көп оқумен келген» депті бір сұхбатында. Ой таразысына салып қарасаңыз бір жағынан ол кісінің айтып отырғаны дұрыс секілді. Десек те шабыттың болуы я болмауы бізге маңызды емес. Ең бастысы бізде мықты ақындар бар. Ақындық мінез деген нәрсе болады. Оны түсіндірудің өзі оңай емес. Көп ақынның мінезі қиындау келеді. Әр ақын өздерінше паң, өздерінше классик. Бұл мысалымызға дәлел Есенғали Раушанов ағамыз. Естуімізше ол кісі жанына көп кісіні жолатпайтын көрінеді. Білім дәрежесі өзімен тең адамдармен ғана емен-жарқын сөйлеседі екен. Ренжуі де тез, қайтуы да тез. Ақынға бұл керек мінез. Ақындық мінезді қолдан жасайтындар да жетіп артылады. Мұны қазіргі кезде пиар деп те атап жүр. Бірақ ақындық мінез бен пиар деген екеуі екі бөлек нәрсе. Өздерін басқа жағынан көрсеткілері келіп, көптің пікірімен келіспей жүретіндер де бар. Бұл ешкімге де қажет емес мінез. Қанмен келген, тумысынан сондай мінезді болса ол қай ақынға болмасын жарасып тұрады. Өтежан Нұрғалиевтің де мінезі ауырлау болыпты. Айта берсек мұндай фактілерді көптеп келтіре беруге болады. Бірақ біздің мақсат ол емес. Ақындарды көп ішетін халық дейтін пікір қалыптасқан. «Мұқағали ішкен біз де ішеміз, ақындардың барлығы ішу керек» деген жадағай пікір қалыптасып қалған жас ақындардың арасында. Ол пікірден қашан қайтатындарын тап басып айту қиын. Ішуді дәреже көретіндері де бар. Мұқағалидай бола алмайтындықтарын білгеннен ішеді ме әлде Мұқағалиға еліктеп ішеді ме ол жағын да айта алмаймыз. Бізге белгілісі ақындардың көбісі ішімдік атаулыға құмар. Тіпті Алматыда Мұқағали, Жұмекен сынды ақиық ақындардың сыра ішкен жерлері қазір жас ақындарға толы. Бір-біріне жырларын оқып, сыралатқанды теріс көрмейді. Біреулері күйінгеннен ішеді, енді бірі сүйгені қарамағандықтан ішеді. Тағы біреуіне жақсы көріп жүрген көкесі жақпай қалып ішуге мәжбүр болады. Ішуге себеп көп әйтеуір. Әрине ауыз өздерінікі, бірақ олар өлеңді де қатырып жүрсе екен. Екеуін тең ұстайтындар санаулы ғана. Арақты ақылға жеңдіретіндері көп емес.
«Ақындық шығар айыпты,
Сонда да білмен себебін.
Өлеңге айтып қойыппын,
Өмірдің айтпа дегенін». Ия, қазақтың Қадыры осылай жырлаған екен кезінде. Ақындарға өлең жаздыратын не құдірет?! Осы жағына тоқталып өтсек. Ақын болу үшін ақын болып туу керек дейді. Бұл дұрыс секілді. Құдай берген талант болмаса босқа тыраштанғаннан түк шықпайды. Сүйікті адамы да қалам тербеуіне себепші болуы мүмкін. Ғашықтықтан ақын болып кететіндер де аз емес. Маған өлең деген нәрсе белгілі бір уақыт аралығында жазылатын дүние секілді көрінеді. Есенғали ағамыз: «Отыздан кейін өлең жазу қиын да емес, қызық та емес» депті. Осы сөз дұрыс сөз. Бұл сөзбен толықтай қосыламыз. Отыздан кейін ақындықтан да мән кететін секілді. Жас кезінде жауһар жырларымен қуантқан ақындар кәрілік таяғанда сол қарқынын жоғалтып алады. Өлеңдері тапсырыспен жазылғандай әсер қалдырады. Өзін күштеп жазған өлең көпшілікті қуанта алмасы анық. «Әйелден ақын шықпайды, Күйші не биші болмаса». Осы екі жол үшін қаламды серік етіп жүрген нәзік жандылар ағамыздың осы бір өлеңіне таскенеше жабысты. Жауап өлең жазды. Былайша айтқанда босқа арамтер болды. Өздерінің шама шарқын байқатып алды. Солардың бірі – Асылзат Арыстанбек. Бұл әпкеміз бір өлең емес жауап ретінде бірнеше өлең жазыпты. Тіпті әйел ақындардың тізімін де шығарыпты. Өлең жолын тура мағынасында түсінген-ау шамасы деген ой түйдік. Есенғали ағамыздың айтқанына сенсек осы бір өлеңге бола жазылған жауап өлеңдердің өзі бір кітапқа жүк болады екен.

Leave a reply